Маржан Сұлтанбай тұрмысқа шықты

4
5959
Маржан Сұлтанбай тұрмысқа шықты

Танымал теле және радиожүргізуші Маржан Сұлтанбай тұрмысқа шықты. Бұл туралы тележүргізушінің құрбысы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Инстаграм әлеуметтік желісінде хабарлап, сүйінші сұрады.

1405056151

Жалпы бұл хабар еліміздегі телеарналардың бірі ұйымдастырған ауызашарда белгілі болып, дүйім жұртқа танымал өнерпаздардың Инстаграм және Туиттер әлеуметтік желілері арқылы тараған. Тележүргізушінің айналасындағы танымал достары Маржанның тұрмысқа шыққанына біраз уақыт болғанын және бүгін ғана хабарды жеткізуге рұқсат бергенін жазған.

1405056096

Әзірге күйеу жігіттің есімі мен қай өңірден екені айтылмайды. Тек оның танымал адам емес екені және ұлттық спортты дәріптеуші азамат екені ғана белгілі. Екі жастың үйлену тойы жақын арада өтеді деп жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Маржан Сұлтанбай – «Шіркінlife» тележобасында шашын тықырлап алып тастаған соң атышулы тележүргізушіге айналған болатын. Бұдан кейін де ол көптеген сұхбаттары мен блогтарында бәйбіше мен тоқал, отбасын құру мен отбасы мәселелері жайлы даулы мәлімдемелер жасап, көптің аузындағы жүргізушіге айналған болатын. Соңғы кездері радиожүргізуші басына тюрбан орап, орамалды дәріптейтіндігі жайлы айтып жүр.

Неке.кз сайты екі жасқа отбасылық бақыт тілейді.

Ақпарат Массагет.кз сайтынан алынды.

4 Пікір

  1. Уф, әйтеуір өтті-ау. Соңғы уақыттарда бай іздеп басымызды ауыртып еді. Енді ескі тірлікті ұмытып, жақсы қатын болса жарайды да.

Пікір қосу