Манты мәзірі

1
4761

Манты – бірқатар Орта Азия елдерінің ұлттық тағамы болып табылады. Біздің білуімізше өзбек ұлтының ұлттық тағамына жататын манты әдетте сиыр, жылқы және түйе етімен дайындалады.

Әртүрлі нұсқада дайындалатын мантының өзгеше бір түрімен бөлісуді жөн көріп отырмыз, бәлкім жас отбасыларға пайдасы тиіп қалар.

Дайындау жолы:

Қамыры үшін: 3 жұмыртқа, бір кесе су (сыймдылығы 0,7 л), тұз, ұн.
Салмасы үшін: фарш, картоп, пияз, сәбіз, дәміне қарай тұз, бұрыш. (Қалауыңыз бойынша өзгерте аласыз. Негізінде сиыр етін кубик етіп турап, керектілерді салып дайындайды)

Сонымен, тазалықты сақтай отырып қамырды дайындап қоямыз. Ол үшін суға тұз, жұмыртқа салып қамыр илейміз. Әдеттегіден сәл қаттылау болғаны жөн (кейін жұмсарады). Илеуін қандыра илеп, целлофанға салып, мұқият жауып қоямыз. Ара-арасында илеп тұру керек.Осы арада салмасын дайындаймыз. Фаршқа карпоты, сәбізді текше етіп турап, пияз, дәміне қарай тұз, қара бұрыш салынады.


Манты түю түсініксіздеу болса, мына видеоға назар аударыңыз:

[box type=»shadow»]http://www.youtube.com/watch?v=rF7tXONR-Z0

Мантыны 45 минут қатты отта ұстаймыз. Арасында манты бетіне су құйып жіберіңіз, ол мантының жұмсақ болып пісуіне ықпал етеді. Піскен манты:

5c4b7f

Астарыңыз дәмді болсын! Асханада болған Көркем :).

1 пікір

Пікір қосу