Макарон пісірмесі

0
1839
Макарон пісірмесі

Кей арулардың ойынша «ер жігіттер көбіне қамыр тамақты ұнатады, сондықтан да макарон қуырып үйреніп алсам болды» деп. Біз олай емес дер едік, себебі ер жігіттер тамақтың дәмдісін, еттісін және әдемі піскенін ең бастысы «махаббатпен» піскенін ұнатады. Бір ғана макаронның өзін сан түрліғып пісіруге болады, бүгін біз сіздерге макарон пісірмесін яғни орысша запеканка түрінде пісіруді ұсынамыз.

Макарон пісірмесі (запеканка) үшін мынадай заттар қажет:

— макарон – 400 гр,

— шұжық (сосиски) – 380 гр ( 10 дана),

— ірімшік – 400 гр,

— қаймақ – 200 гр,

— жұмыртқа – 2 дана,

— пияз – 2 дана,

— өсімдік майы,

— тұз,

— дәмдеуіштер.

1. Алдымен макаронды суда қайнатып аламыз.

макарон запеканкасы

2. Пиязды төртбұрыштап, шұжықты дөңгелектеп турап, табада қуырамыз.

wp_20140707_008

3. Қаймақ пен 2 жұмыртқаны араластырамыз.

wp_20140707_009

4. Ірімшікті үккіштен өткіземіз.

wp_20140707_010

5. Табаға аз мөлшерде өсімдік майын жағып, макаронды суреттегідей жайып орналастырамыз.

wp_20140707_011

6. Макаронның үстіне шұжық пен пиязды жаямыз.

wp_20140707_012

7. Оның үстіне қайтадан макаронды жаймалаймыз.

wp_20140707_014

8. Үстіне әлгінде дайындалған қаймақты қоспаны құямыз. Содан соң, ірімшікті жаямыз.

wp_20140707_018

9. Пештің ішінде 180-200 градуста 40-50 минут тұрған соң, төмендегідей тағам дайын болды:

wp_20140707_030

Астарыңыз дәмді болсын! Тамақ мәзірі Розатайдың блогынан алынды.

Пікір жоқ

Пікір қосу