Махидевран басқа Сұлтанға күйеуге шығады

0
1141
Махидевран тұрмысқа шығады

«Сүлеймен сұлтан»  сериалындағы Сүлейменнің бірінші әйелі Махидевранның рөлін сомдаған Нур Айса (Феттахоглу) Левент Везироглуға тұрмысқа шығады.

Нур Феттахоглу мен оның ғашығы Левент Везироглу тойларын 2014 жылдың мамыр айына жоспарлап отыр.

Махидевран Сұлтан тұрмысқа шығуға жақын арада ұсыныс алып, бірден келісімін берген. Жас жұбайлар тойға барынша дайындалып жатыр. Тойдың болар уақытын «Сүйлеймен сұлтан« сериалының түсірілімінің бітуі уақытына сәйкестендіріліп, мамыр айына белгіленген.

Түрік актрисасы Нур Айса  (Феттахоглу) 1980 жылы Германияда туылған. Кино әлемінде «Тыйым салынған махаббат», «Менен қандай әке шығады?», «Қасқырлар апаны, Палестина»,  «Сүлеймен сұлтан» сериалдары арқылы танымал.

Актриса осы уақытқа шейін Мұрат Айсанға тұрмысқа шығып, мінездерінің жараспауынан ажырасып кеткен екен, бірақ оның тегін өзіне алып қалған.

Пікір жоқ

Пікір қосу