Love story- махаббат фильмі

4
2323

Қазіргі кезде «love story« сөзі сәнге айналды. Біздің жастардың ортасында да love story түсіру кең етек жая бастады. Жалпы, «love story деген не?» — деген сұраққа тоқтала кетсек.

Love story— жазылуында көрсетіліп тұрғандай ағылшын тілінен аударылғанда «махаббат хикаясы» не «махаббат тарихы« деген мағына береді. Love story көбіне үйлену тойы алдында түсірілетін той суретінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда «love story» ол сіздердің махаббатарыңыздың фильмі. Ол фильмнің басты кейіпкері сіз және сіздің сүйіктіңіз. Бұл фильмде сіздің бар эмоцияңыз, махаббатыңыз, сезіміңіз және бір- біріңізге деген сыйластықтарыңыз көрініп тұрады. Love story- суреттер жиыны, слайд шоу, қысқа бейнебаян, фильм түрінде болады.

Love story не жайында болады? Love storyде екеуіңізді қалай танысқандарыңызды, қалай кездескендеріңізді, махаббатырыңыздың қалай дамып, дәл қазір қандай екенін көрсетулеріңізге болады. Қысқаша айтқанда сіздердің қарым — қатынастарыңыздың дәлелі.

Love storyді қайда түсіруге болады? Love storyді қос ғашықтың алғаш танысқан, кездескен, сүйіскен және екеуіңіз бірге қыдыруды ұнататын жерлерде арнайы фотографтың көмегімен түсіріледі. Love story түсірер кезде алдын-ала баратын жерлеріңізді тізімдеп фотографпен бірігіп сценарий ойлап, жоспар құрып алғандарыңыз дұрыс болады.  Сонда сіздерді «не киеміз?», «қайда барамыз?» деген сұрақтар мазаламайтын болады. Баратын жерлеріңізді таңдаған тақырыптарыңызға сай етіп сәндеп, екі-үш рет ауыстыратын киімдеріңізді тақырыпқа сай сайлап алыңыз.

Love story түсіруге таудағы демалыс орындары, парк, әдемі кафелер таңдап алуға болады. Алдын- ала сол жердің иелерімен келісіп, реттестіріп алған да артық болмайды. Ал егер, фотографтың арнайы студиясында түсетін болсаңыз онда фотограф бәрін өзі реттеп қояды. Студияда түсудің бір артықшылығы ол жерде суретке түсуге бар жағдай жасалған, қосымша жарық, қосымша құралдар сіздің әр кадр де де әдемі болып шығуыңызды қамтамасыз етеді.

Love storyге тақырыпты өзіңізге ұнаған кез- келген жанрда таңдап алыңыз. Өздеріңізге ұнайтын кино, кітап желісімен немесе арнайы тақырыптық стильде (пираттық, періштелік, күлкілі етіп) түсіріңіз. Барлық жанрда басты орында киіну екенін ұмытпаңыз. Екеуіңіз ғана түскілеріңіз келмесе достарыңызды да шақыруға болады. Оларға қойылатын басты талаптар: дресс код (киім кию сіздер таңдағандай) пен керемет көңіл күй.

Жәй ғана екеуіңізді ұнайтын жерлеріңізде жәй барып түсуге де болады. Айтпақшы, той көйлегімен де түсуге болады. Той кезінде той көйлегімен әр түрлі болып түсудің сәті түспеуі мүмкін, сондықтан да Love storyде той көйлегіңізбен түсуге болады. Бірақ, бұл түсірілімді тойдан кейін түсірген дұрыс. Көйлегіңіз бүлініп жүрсе тағы да…

Love storyдің жақсы шығуы ол сіздердің креативті ойларыңыз бен фотографтың шеберлігіне тікелей байланысты. Сондықтанда, фотографтың портфолио үлгілерін көріп, оның жұмысы жайлы пікірлерді білген артық етпейді.

Махаббатарыңыздың басты фильмі сіздерге әр көрген сайын қуаныш сыйласын!

Суреттер Ерлан Қыдыровтыкы.

4 Пікір

  1. Қазір тойларда видео түріндегі сапасыз лав сторилар көбейіп кетті. Қарап отырып ұялып кетесің

Пікір қосу