Ли Бён Хон мен Ли Мин Джонның үйлену тойы өтті

3
5421

Алдында айтып кеткеніміздей, бізге танымал Ким Инаның ролін сомдаған актер Ли Бен Хонның үйлену тойы болып өтті.

Ли Бнн Хон мен Ли Мин Джон10- тамыз күні танымал актер Ли Бён Хон мен танымал актриса Ли Мин Чжон Сеул қаласындағы «Seoul Grand Hyatt Hotel» мейманханасында үйлену тойларын жасады. Олар тойларын өткізіп жатқан мейманхананы жұлдыздардың табынушылары қоршап алған. Актриса Ли Мин Чжон тойында екі көйлек ауыстырып үлгерген.

Жұлдыздар өздерінің тойына 900 адам шақырғаны белгілі болды, оның ішінде өздерінің жақын достары жұлдыздар Чан Дон Гон, Го Со Ён, Чон У Сона, Сон Сын Хона, Квон Сан У, Ким Тхэ Хи  және көптеген жұлдыздар болды.

Тойды басқаруды актер Шин Ён Гён тапсырса, ал актер Ли Бом Су мен танымал жүргізуші Шин Дон Ёп  салтанатты той балын жүргізді. Тойда Пак Чжон Хен (Лена Пак), Ким Бом Су-Пак Сон Джу және  Dynamic Duo жаңадан отау құрған жұлдыздарға арнап құттықтау өлеңдерін айтты. Ал қалыңдық гүлі Ли Мин Джонның құрбысына бұйырды.

Той алдында берген сұхбатында, Ли Бен Хон: «Біз бақытпен бірге бірлесіп өмір сүреміз. Бұл- менің өмірімнің екінші бөлімінің басталуы, сондықтан даәр күн маған қуаныш сыйлайды деп үміттенем. Осы уақытқа шейін жақсы  актер болуға бар күшімді салып келдім, болашақта да аянбай еңбек етуге даярмын» деді.

Ал Ли Мин Джон: «Бүгінгі күннің басталуына таң қалдым. Күн жаңбыр мен найзағайдан басталды, егер той күні жаңбыр жауса онда отасқан жастар бақытты болады дейді. Ал бүгін жаңбыр да, найзағай да болды демек біз бақытты боламыз» деп бақытымен бөлісті. 

Қос ғашық бал айын 12- тамыздан бастап Мальдив аралдарында өткізетін болады. Бал айынан келгеннен кейін Ли Бен Хонның Кванджудағы үйінде тұратын болады. 

Төменде той кезіндегі суреттер мен тойға келген қонақтардың суреттерін көре аласыздар.

3 Пікір

  1. Осы Жапон-Корей сериалдары біздің санамызға кіріп бара жатыр, әсіресе қыздардын, бұл ақпарат не үшін керек?

    • Ақпарат ешқашан артық болмайды. Елдердің санасы басқа жаман нәрсемен уланғанша осындай тәрбиелі корей мәдениетімен улансын.

Пікір қосу