Ли Бо Ен мен Джи Сонның үйлену тойы 27- қыркүйекте болады

0
1606
Ли Бо Ён и Джи Сон

Актриса Ли Бо Ён мен актер Джи Сон  алты жылдық қарым-қатынастан кейін үйленбекші.

Кореялық танымал жұлдыздардың үйленетіндері туралы 2- тамызда Ли Бо Ён өзінің жеке сайтында хабарлаған  болатын.

Ғашықтар ең алғаш «Соңғы би менен болсын» сериалының түсірілімінде танысқан, ал екеуінің қарым-қатынасы жайлы тек 2007 жылы хабарлаған. Ал тойға дайындықты осы жылдың наурыз айынан бастаған. 

Бүгін белгілі болғандай, Ли Бо Ен мен Джи Сонның той суреттері кореялық танымал сән журналы «Grazia» да қыркүйек пен қазан айындағы санында жарық көреді.

Екі жұлдыздың тойы Сеул қаласының қонақ үйлерінің бірінде 27- қыркүйекте өтеді.

Пікір жоқ

Пікір қосу