Әлемдегі ең қымбат той көйлектері

0
3715
той көйлегі

Әр арудың той көйлегі қашан да өзі үшін ең қымбат көйлектердің бірегейі…  Бүгін біз сіздерге әлемдегі ең қымбат той көйлектерінің топтамасын ұсынбақпыз.

Әлемді таңқалдырған той көйлектеріне гауһар тастар (бриллиант), ақ алтын, меруерт (жемчуг) және платина қосылып тігіледі. Ең мықты деген дизайнерлер тіккен бұл көйлектердің көбі өз қалыңдығын тапса біреулері әлі де өзін тойға киіп шығатын бай әрі батыл қалыңдықты күтуде… Сонымен, ең қымбат той көйлектерінің ондығы:

1. Гауһар тастармен көмкерілген той көйлегіәлемдегі ең қымбат көйлек

Бағасы: 12 миллион доллар
Бұл әлемдегі бар уақыттағы ең қымбат көйлек. 12 миллион долларға бағаланған бұл көйлекті Беверли Хиллзтегі той көйлектерін сататын Рене Страус пен зергер Мартин Катцеммен бірігіп тіккен болатын. Көйлек салмағы 150 карат болатын гауһар тастармен көмкерілген. Көйлек 2006 жылы болған «Bridal Showқа» арнайы дайындалған болатын.

2. Меруерт тастарымен көмкеріліп тігілген той көйлегі 

Бағасы: 8,5 миллион доллар
қымбат той көйлегіЕң қымбат той көйлектерінің ішінде екінші орынды жапондық дизайнер Юми Катсура тіккен меруерт тастарымен көмкерілген көйлегі алады. Көйлектің ашықтығы сонша әлі бірде бір ару оны үйлену тойына киюге батылы бармапты. Бұл «өнер туындысын» жасау үшін  100 мың меруерт және ақ алтын мен гауһар тастар кеткен.

3. Павлин қанатынан жасалған той көйлегіпавлин қанатынан той көйлек

Бағасы: 1,5 миллион доллар
Павлин қанатынан жасалған ашық той көйлегін Қытайдың Няньцзин қаласында өткен көрмеге арнайы дайындған. Көйлекті жасауда екі ай бойы сегіз адам тыңбай еңбек еткен.

4. «Danasha Luxury» ұсынған  той көйлегі

4ba9d539054e2Бағасы: 1,5 миллион доллар
2010 жылы Майамиде өткен сән апталығында танымал дизайнер Джед Гандур мен зергерлік компания «Danasha Luxury» бірігіп жасаған өздерінің ең қымбат той көйлектерін ұсынды. Бұл көйлекке қолмен өңделген 18 караттық гауһар тасымен 250 грамм алтын кеткен.

 5. Мауро Адами ұсынған ең қымбат той көйлегі 73392194_1

Бағасы: 400 300 доллар
Бағасы 400 000 мыңанан жоғары бағаланған бұл көйлекті тігуге итальяндық дизайнер Мауро Адамиге 40 метр таза жібек пен платиналы жіп керек болған екен. Бұл көйлек Лондандағы сән апталғында жұртшылық назарына ұсынылған болатын.

6. Герцогиня  Кейт Миддлтонның той көйлегі 

Кейт МиддлтонБағасы: 400 000 доллар
Көйлектің бағасы нақты түрде жария болмады, дегенмен мамандардың бағалуы бойынша Уильям ханзадаға тұрмысқа шыққан Кейт Миддлтонның көйлегінің бағасы 400 000 доллар тұрады. «Alexander McQueen» сән үйінің кретивті директоры әрі дизайнер Сара Бертон дайындаған піл сүйегі түстес, гүлді шілтерлі көйлек нағыз өнер туындысы. Көйлетің жамылғасының ұзындығы 2, 7 метр.

7. Бизнесмен Дональд Трампаның жары Мелании Кнаусстың үйлену той көйлегі the-most-expensive-wedding-dress12

Бағасы: 100 000 мен 200 000 доллар арасында
Мелания Кнаусс 2005 жылы танымал бизнесмен Дональд Трампаға күйеуге шыққан кезде танымал дизайнер Джон Гальянонға жамылғысы 4 метр болатын 1 500 меруерт тастармен көмкерілген той көйлегіне тапсырыс берді.

88888bk8. Диана ханшайымның үйлену той көйлегі 

Бағасы: 115 000 долларов
Бұл көйлекті Диана ханшайым 1981 жылы Чарльз ханзадаға тұрмысқа шыққан кезде киген болатын. Көйлегінің жамылғысының ұзындығы 7,5 метр болған. Көйлекке 10 000 меруерт тастары мен «Alexander McQueen» жылтырауықтары кеткен.  Көйлектің нақты бағасы белгісіз, алайда қазіргі кезде көйлектің бағасы өте құнды. Бірақ, кейбір дерек көздеріне сенсек көйлек 115 000 доллардай тұрады.

9. Грейс Келлидың  үйлену той көйлегі

grace-kelly-wedding-dressБағасы: 65 000 доллар

Герцогиня Кейт Миддлтонның той көйлегі Грейс Келлидің үйлену той көйлегіне ұқсайды дейді. Себебі дизайнерлер 1956 жылы тұрмысқа шыққан Грейс Келлидің көйлегіне тәнті болған деседі. Грейстің киген көйлегі өз заманында 8 000 доллар түрған, қазір 65 000 доллар тұрады. Көйлектің дизайнері Элен Роуз болған, ал көйлекті тігуге 100 метр жібек кеткен деседі.

10. Кетрин Зета-Джонстың Майкла Дугласқа күйеуге шыққанда алған Christian Lacroixтың үйлену той көйлегін актриса 1,5 млн долларға сатып алған дейді. Сондай-ақ, Қытайдағы Вуху қаласында 2007 жылы азия халықтарының стиліндегі той көйлегі 250 000 тұрған.

Қымбатты қалыңдықтар, бастысы той көйлектің бағасы емес, маңыздысы той көйлектің өзіңізге жарасуы мен өмірлік жолдасыңыздың сізге деген махаббаты. Бақытты болыңыздар!

Пікір жоқ

Пікір қосу