Лазанья жасау

1
2361

Жақсы келін болу үшін әдемілік пен ақылды болу аздық етеді. Сондықтан да, жан-жақты пысық, алғыр, білімді және аспаз болыңыз.  Жақсы аспаз болу өте маңызды, себебі еркектердің жүрегіне тағы бір жол  — «асқазан». Біз сіздердің мәзірлеріңізге жаңа тамақ түрін ұсынбақпыз.

Лазанья— итальяндар тамағы. Төрт бұрышты қамыр мен тартылған ет (фарш) пен қызанақ, сырды қажет ететін тағам. «Лазанья» сөзін тікелей аударғанда тамақ пісіретін қазан сөзін береді, итальян тамағы болғанымен «lasagna» сөз грек тілінен аударғанда «λάσανα» («ласана») немесе «λάσανον» («ласанон»), «ыстық жұқа қабаттар» деп аударылады. 

Лазаньяны италяндықтардың арнайы кеспелерін іздемей-ақ өзімізде кездесетін қарапайым кеспе түрлерімен жасауды ұсынамыз.

Лазаньяда басты нәрсе қамыр және керек заттар:

— 3 пияз
— 1 сәбіз
— 800 гр фарш
— 2 қасық томат
— 2 қызанақ
— 1 ас қасық сүйық май
— 1 ас қасық ұн
— 2 стакан сүт
— жайма (кәдімгі жайма жарайды)
— 300 гр сыр

2013-07-25 18.41.26 2013-07-25 18.41.40

Пияздарды майдалап тұрап, майға қуырамыз. Пияздар сарғыш түсті бола бастаған кезде үккіштен өткізілген сәбіз қосыңыз. 5 минуттай қуырыңыз. Фарш қосып тағы қуырыңыз. Томат қосыңыз. Ет томатты толығымен сіңдіргенше, қызанақтарды ыстық судың (қайнаған) астында ұстап қабығын аршыңыз. Блендерда езіңіз. Езілген қызанақты етке қосып араластырыңыз. 1 стакан қайнаған су қосыңыз, суыңыз тым көп болса қоспай-ақ қоюға болады.

2013-07-25 18.41.04

2013-07-25 18.46.14

2013-07-25 18.48.57

2013-07-25 18.56.34

2013-07-25 19.08.02

2013-07-25 19.21.37

2013-07-25 19.13.44 2013-07-25 20.24.50 2013-07-25 20.24.42

Бешамель соусын (немесе ақ соус) үшін: сары май орнына 1 ас қасық сүйық майға 1 қасық ұн қуырдым да сүт қостым. Бәрін миксермен араластырып, жәй отта пісіреміз.

Сырды үккіштен өткізіңіз. Пісіретін ыдысқа 2 қасық бешамель соуыстан құйыңыз да, шикі қамырдан тізіңіз. Қамырды аздап басында соусқа 1-2 минут батырып қойған жақсы, піскен кезде қытырлақ болып қалмайды сонда. Қамырдың үстіне еттен, ет үстін соус пен сыр деееп қамыр біткенге дейін тізіп бітіріңіз. Соңғы қабаты сыр болуы керек. Духовкада пісіріңіз.

1375153664

Қалауыңызша сәндеңіз, өте құнарлы да дәмді тамақ. Астарыңыз дәмді болсын!

1 пікір

Пікір қосу