Лағман мәзірі

0
6544
Үстіне қимасын құйып тамақты ұсыныңыз

Қазіргі күні әр үйдің дастарханында табылатын тойымды тамақтың бірі- лағман. Лағман дайындау қиын болғанымен дайындауға тұрарлық тамақ. Әрі дәмді, әрі тойымды. Ұйғыр асханасының ең ұнамды және кеңінен таралған тағамдарының бірі «лағман» болып саналады. Бұл арнайы дайындалған құймамен бірге ұсынылатын, жуан кесілген шиыршықтардан созылған қамырдың жіңішке жіпшелерінен дайындалған ұзын кеспе. Ұйғыр асханасының әрбір тағамының өзінің белгісі бар. Бұл тағамды «махаббат тағамы» деп атайды. Ұйғырларда, жыл мезгіліне байланысты, «лағман» 4 түрге бөлінеді. Көктемде бұл тағамның құймасына жасыл пияз, жусай өскіндерін, балдыркөк мен шалғамды қосып дайындайды. Жазда – қияр, сарымсақ, жусай, қысқа және ұзын үрме бұршақ, қызанақ, жасыл және қызыл бұрыш, баклажан, пияз қосады. Күзде – сәбіз, кольраби, шомыр, шалқанды қосып әзірлесе, қыста лағманға кептірілген және тұздалған көкөністерді қосу ұйғыр асханасының ерекшелігі. Сонымен қатар «лағманды» дайындаудың түрлі жасау әдістерімен ерекшеленетін түрлері де бар.

Сонымен бүгінгі күздік лағманымызға керек заттар:

Сәйіне (қимасына): 300-400 гр  ет, 2 сәбіз, 2 баклажан, болгар переці, пияз, капустаның 1/5 бөлігі, 3-5 картоп. Жалпы лағманға қалаған нәрсеңізді қоссаңыз болады, қатып қалған құрамы жоқ. Бастысы қамырын дұрыс жасау.

Қамырына: екі шымшым тұз, жылы су, керегінше ұн.

Етті турап, томат қосып қуырамыз аздан соң үстіне сәбіз, перец, пияздарды саласыз. Бәрі аздап қуырылған соң баклажан мен капустаны салып қуарасыз да су құйып қайнатасыз. Сәйі пісейін деп қалғанда картопты ұзынша (саломка)етіп турап үстіне салып пісіресіз.

Қамырды дайындау үшін жылы суға тұз қосып нан илеміз, илеп қойып 10-15 минут тындырамыз, содан соң кіші-кіші бөлікке бөліп созамыз. Жұқағып созып бікесін екі қолыңызға кезек-кезек жинап ортасын тартасыз да дастарханға ұрасыз. Ұрған кезде қатты тартпаңыз, қамырыңыз үзіліп қалмасын. Әр жұқартқан сайыназдап сумай (пісте май) жағып отырыңыз.

Кострюльге молырақ қып суға тұз қосып құйып қайнатыңызда, бөліп-бөліп қайнатыңыз. Піскен қамырды суық суға салыңыз да суытып алып тарелкаға салыңыз. Үстіне қимасын құйып тамақты ұсынсаңыз болады. Асыңыз дәмді болсын!

Пікір жоқ

Пікір қосу