Құлаққа тағатын әшекейлер

0
3138

Сырға – зергерлік бұйым, оны әйелдер құлағына тағады. Ертеде жаңа туған қыз баланы қырқынан шығарысымен-ақ құлағының сырғалығын  тары  дәнімен уқалап,  етін өлтіріп,  отқа қарылған инемен тесіп, жіп өткізіп қоятын болған. Ол нәрестеге «тіл-көз тимесін» дегендік және де атастырылған қыздың да құлағына сырға тағады.

зергелік заттарСырғалардың жасалуы әркелкі. Сырғалардың түрлері көп. Жасалған материалы мен тәсіліне байланысты: алтын сырға, күміс сырға, қарала сырға, лажылы сырға, шытыра сырға, қолқа сырға, қозалы сырға, үзбелі сырға, күмбезді сырға, қоңырау сырға, ай сырға, ай-шықты сырға, жымырық  сырға, ақық  сырға, иықты сырға, иінді сырға, лағыл сырға, гауһар сырға, салпыншақты сырға, тасты сырға, сояу сырға, тұмарлы сырға, оюлы сырға, жапырақты сырға, шілтерлі сырға, шұбыртпа сырға деген сан алуан түрлері бар. Қазақ әйелдері сырғаны бала кезінен қартайғанша тағады.

Шекелік – ауырлау келген сырғаның бір түрі. Оны құлақтың сырғалығын жырып кетпеуі үшін баскиімге  немесе самайғашекелік іледі. Сол себепті самайсырға деп те атайды. Ұзын салпыншақтары бар, қалыпқа құйып жасалған күн бедерлі белгілері мен қиықша тәріздес  пішіндері әсем сымдармен жалғанады, сөйтіп, шілтерлі қондырғы құрап, ұзынша түзу өзекке  бекітіліп тасталады.

Қазіргі күнде қыздар қолдан жасалған зергерлік заттарға көп көңіл бөліп келеді. Оның ішінде күмістен жасалған бұйымдар өте жоғары сұранысқа ие. Күміс- алтынмен салыстырғанда арзан, әрі ол адам денсаулығына өте пайдалы. Бұрынғы ата-заманымызда ыдыс жуған кезде әйел адамдар күміс жүзіктерін киіп жуған деседі…

сурет Розатайдың блогынан алынған

Пікір жоқ

Пікір қосу