Ұл тәрбиесі

1
5106

Жас әкелерге арналған кеңестер ұсынып отырмыз. Кім де болса өзінің, атқа мінер, үйдің түтінін түтетер ұлының тәрбиелі болғанын қалайды. Сондай әкелерге арналған ұлдардың тәрбиесі жайында ой бөліспекпіз.

Ұл тәрбиесінде, ұлдарға  болашақ ел мен жұрттың қорғаны, отбасының ұйытқысы, халыққа бақыт- байлық, жаратушы екендігін шынайы ұғындыру басты мақсат етіледі. Ержігіттің қалай болу керек екендігін шынайы ұғындыру басты мақсат етіледі. Ержігіттің қалай болу керектігі, ел -жұрт, үлкен кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, әйелдер  мен балаларға қалай қамқорлық жасау, отбасы мен ел-жұртына қалай  үлгі-өнеге болу, қиын сәттер мен ел басына күн туған сын сағаттарда қалай ерлік көрсетіп, қалай азаматтық таныту секілді істердің барлығы мұқият үйретіледі.

«Ұлым жақсы болсын десең, біліктімен ауыл бол» дейтін халық даналығына сай, ұлдары тайға мініп өз  тізгінін өзі ұстап жүруге жарай бастаған соң, адамгершілігі жоғары, білімі  терең жақсы адамдармен көрші болып, өнерлі, үлгі-тағылымды кісілермен жиі барыс-келіс жасап, ұрпақтарының тамаша үлгі – өнеге алып өсуіне тамаша шарт-жағдай әзірлеп береді. Арлы, адал, өнерлі, білімді азамат болып шығуға талпындырады, түрлі жиын-тойлар мен үлкен кіші ортасында әдепті, ибалы, тәртіпті, мәдениетті болуға, өзін дұрыс ұстап, жаман мінез, жағымсыз қылық көрсетпеуге дағдыландырады. Үлкен кіші ортасында бей- әдеп сөз сөйлеп, асып-таспауға, ашық –шашық жүгірмеуге үйретеді. Қай жерде жүрсе де, қандай қызмет істесе де кішпейіл, қарапайым, қажырлы болып, ер азаматқа лайық ерлік, серілік танытып, еркектік мінез, азаматтық тұрғыдан жазбауға жетелейді. «Еркек мінезді әйелден, әйел мінезді еркектен без» деп еркекте еркектік,  әйелде әйелдік қасиет болуын дәріптейді.

i

Ұлдарды еңбекке тәрбиелеуде әр отбасы «еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады», «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «ерте тұрған еркектің бір ісі — ілгері«, «еңбек-бақыт, байлықтың атасы» деп ұрпақтары ес біліп, қолғабысқа жарай бастаған кезден бастап ерте тұрғызып, түрлі шаруаларды істетіп, жұмыстарға жұмсап тәрбиелей бастайды.

Ер балалардың 7 мен 10жас  аралығын «қозы жасы» деп, бұл жастағы балаларға әр түлік мал мен оның төлдерінің бөгенайын, белгі, қасиеттерін жыға тану талабын  қойған. 10жастан  20жасқа дейінгі жасты «қой жасы», «қотан жасы» деп атап, осы он мен жиырма жас аралығындағы ер балаларға қойдың қырық қайырымын білу, астық жинаудың «ұрық таңдау, айдау, баптау, ору, жию, қамбалау» сияқты алты әдісін, бағбандықтың көшет отырғызу, баптау, жалғау, бұтау, үзу, сақтау, сияқты амалдарын толық меңгеру талабы қойылған. 20 жастан 30 жасқа дейінгі жасты «жылқышы жасы» деп атап, бұл жастағы азаматтарға ел танып, жер танып, жылқының жиырмаа қасиетін меңгеріп, жеті қараңғыда адаспай жол табатын, қауіп қатерге жолыққанда ерлік көрсете алатын, батыл да батыр болу талабы қойылады. Ұрпақтарды жасына қарай талап қойып тәрбиелеу тәрбиенің жұғымдылығын арттырады. Ар- намысты, атақ –даңқты жеке басы мен өз мүддесін жоғары қоюдай ұлы мұрат, асқақ арман орнатуына тамаша негіз қалайды.

Бұл тәрбие ұл балалардың жауапкершілікке және қожайындық сезімі биелей бастайды.  Мен отбасына, балалар мен аналарға, ел-жұртына қамқоршы, қорған болу сезімін жоғарылатады. Есейгенде ақыл-айла, күш-қайрат жақта ақаусыз есейіп, туған жерге, Отанға, халыққа мол үлес қосу санасын жоғарылатады. Әрқашан өздерін ел алдында ер азаматтық биіктен көрсетуге тырысатын намысқой, батыл, батыр, халықшыл азамат болып шығады.

1 пікір

Пікір қосу