Қыз ұзату кезіндегі салт-дәстүрлер мен рәсімдер

20
16600
Қыз ұзату дәстүрі

Қызды үйінен ұзатып салу ата-ана үшін өте үлкен бақыт. Себебі кез-келген ата-ана өз қызын таңдаған жары мен құда-құдағиларына аманатпен шығарып салғысы келеді. Сондықтан да қандай ата-ана болмаса да бұл күнге өте мұқият дайындалады.

Жігіт пен қыз келіскесін бір-бірінің ата-анасымен танысып алғаны дұрыс. Той кезінде түсініспеушіліктер болмауы үшін құдалар алдын  ала киіт анау мынауды алдын ала келісіп алғандары дұрыс (көбіне келіспеушіліктен реніш туып жатады). Қазіргі заманда қызға сырға салу мен бірге қызды ұзатуды бірге бір күнде жасайды. 

Сонымен қызды ұзатар кезінде мына салт — дәстүрлер жасалады: 

Келінмен таныстыру Құдалар келе жатқан кезде есік алдына екі адам арқан тартады, арқан тартқан адамдарға құдалар жағы өз жоралғысын (орамал, мата, ақша) береді.

Құдалар есіктен кіріп амандасқаннан соң қыздың екі жеңгесі жігітті отқа май құйғызуға алып кетеді. Отқа май құйғызғанан соң жігіт жоралғысын (көбіне ақша, моншақ анау-мынау ұсақ түйектер) береді.

Құдалар жайғасып алғасын, болашақ келіндерін таныстырады. Оған құдағи көрімдігін беруге міндетті. Жастарға бір бөлек үлкендерге бөлек дастархан жасалады.

Қызға сырға салуТамақтарын ішіп алғасын қоржын ашуға кіріседі. Бірінші кезекте, өлілер риза болсын деп босағаға ер адамға киім қыстырады. Сонан соң қызға әкелінген сырға салынады. Оның қыздың құлағына енесі не қайын әпкелері салады.

Қыздың өлі- тірісі деп бір мал атайды. Көбіне қой немесе жылқы әкелінеді. Әкелінген киіттер беріледі, негізі алдын ала келісіп алынса аттарын атап береді. Көбіне алтын заттарын береді. Қыздың анасына «ана сүтінің» ақысы мен құдағи қоржын табыс етіледі. «Ана сүтінің» ақысына көбіне анасына жеке алтын зат алып береді. Құдағи қоржынның ішіне піскен ет, тәттілер, арақ-шарап салады. Қоржынның сырты сақина, білезік, моншақтармен көмкеріледі. Оларды қоржынды ашқан қыз жақтың кісілері бөлісіп алады. Соңында қыздың анасына «қыздың қалыңы» деп ақша беріледі. Бұл ақшаны бұрындары қалың мал деп атаған. Ары қарай той жалғасады.

Етке отырған кезде күйеу бала сыбағасы төс тартылады. Төс тартылған табақты қайтарып берген кезде жігіт ішіне ақша салып береді. Үлкендер жағына бауыр асату басталады.

Құда, құда дегізген,

Құйрық бауыр жегізген.

Айналайын баладан,

Құдасы бар дегізген, — деп құдаларға бауыр асату басталады. Бауыр асатуда бауыр мен құйрық май ортасына қатық жағып бір — бірден құдалардың бәріне таратып шығады. Бауырдан жеген құдалар табаққа ақша салады.

Қызды шығарып салу Дастарханда отырыс біткесін қыз жақ құдаларына киіттерін кигізеді. Сонан кейін, қызды алып кетерде қыздың аяқ кимін тығып қояды. Қыздың аяқ кимін күйеу бала жеңгелерінен сатып алуы керек.

Ары қарай той көбіне той залында жалғасады. Тойда жастарға ақ бата беріліп, тілектер айтылады. Көп қыздар қоштасарларында сыңсу айтады. Сыңсыма   қыздың ата-анасымен, туыстарымен қоштасу жыры. Бірақ, қазір көп ешкім айтпайды, арнайы осы әнді орныдайтын әншілерді жалдайды. Ол әнді орындай отырып, қызды бар туысымен қоштастырып шығады. Қызды соңында үлкендердің батасын беріп ақ мата бойы мен шығарып салады. Қызды артына қаратпай алып кету керек. Қыз ұзату тойы көбіне түнгі 00 00 ге шейін жалғасады.

20 Пікір

  1. Салеметсиздерме?! Менин сурайын дегеним кызды уйден алып кетерде ак койлек ягни той койлегин кигизип алып шыгу керек па? Отиниш осы сурагыма накты ари толык жауап бериниздерши! Алдын ала Рахмет сиздерге))

  2. Отқа май құйю рәсімі жигіттің үйінде жасалуға тиіс. Сол шаңырақтың жалғасы ғой, шаңырақтын оты сөнбесін деген мағына береді. Мына мақалада «Құдалар есіктен кіріп амандасқаннан соң қыздың екі жеңгесі жігітті отқа май құйғызуға алып кетеді. Отқа май құйғызғанан соң жігіт жоралғысын (көбіне ақша, моншақ анау-мынау ұсақ түйектер) береді» дейді. Ұзатылып жатқан қыздың үйінде неге отқа май құйятынын түсінген жоқпын.

    • Қызға құда түсіп келген кезде жігітке отқа май құйғызады. Кейін келін жаңа отбасының босағасын аттанған кезде келін мен жігітке тағы да құйғызады.

  3. Қыздар құдаласуға барғанда қыз жақ құдалардың алдында арқан ұстап, шашу шаша ма?

Пікір қосу