Қыз жасауының басты бөлігі- құрақ көрпе

20
16443
қыз жасауы

Қазақта өмірге қыз бала келгеннен бастап қыз жасауын жинауды бастайды. Атам қазақ «алты жасынан жинасаң асады, жеті жасынан жинасаң жетеді» демекші бүгін біз сіздерге қазақ қызының жасауының ең басты бөлігі көрпе-жастығына тоқталмақпыз.

құрақ көрпе

Қазіргі кезде қыздың жасауына оюлы, сырылған көрпелерді арнайы тапсырыспен тіккізеді. Қолдың көрпесінің дүкеннің көрпесінен бірнеше айырмашылығы бар, атап айтар болсақ қазақ қол шеберлері кез-келген құрақ көрпенің ең бірінші қандай мақсатқа арналғанына назар аударады. Мысалы, қыз жасауы болса ондағы ою-өрнек қыздың өскен ортасы, алған тәлім-тәрбиесі туған ұясы туралы мәлімет беруі керек. Әрбір ана осы көрпелердегі ою-өрнек арқылы өзінің сүйікті қызына жүрегінің бір бөлшегін бөліп бергендей еңбектенеді. Сонымен  қатар, қолдың көрпесі дүкен көрпесінен жылығымен, ішіне салған салмасының жылжымай қапсырылып тігілуімен, ұзақ уақытта жарамдылығымен бағаланады.

Бүгін біз сіздерді жоғарыда айтып кеткен талаптарға сай көрпе тігудің бір шебері,  Жеңісгүл Даулетованың жұмыстарымен таныстырғымыз келеді. Жеңісгүлдің жасаған көрпе-жастықтары ерекше маңызға ие. Жеңіскүл ДәулетқызыТаңдалған маталары, салатын ою-өрнегі, ішкі салма материалдары табиғилығымен,  ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Жеңісгүлдің көрпелері әр жас жанұяға тату отбасылық пен жинақы тірліктің үлгісіндей,  ұлттық брэндіндей әсер қалдырады.

Жеңісгүл Даулетова қалыңдық жасауы ретінде: қоржын, құрақ көрпелер (оның ішінде қошқар мүйіз, 2 см ден құралған ши құрақ көрпелер), ою көрпе, жамылғы көрпе, махаббат көрпесі, төсек жапқыш, жастық, диван-кресло көрпелері, диван жастықтарын, орындық көрпелері, төсеніш көрпелерін ұсынады және де Жеңісгүл ұзатылар қыздың көрпе-жастығының тұтас бір комплектісін жасап бере алады. Жеңіскүлдің жұмыстарының ерекшелігі бір комплектідегі қолданылған ою-өрнектер мен үлгілер екінші комплектіде қайталанбайды. Қазір бір бөлмені толықтай қазақи ою-өрнекпен сәндеу сәнге айналды, Жеңісгүл бір бөлмені толықтай жабдықтай алады. Жеңіскүлден қыз жасауына қатысты заттарды алған адам оған қосымша ретінде еш нәрсе іздеп әуре болмайды. Жеңіскүлдің жұмыстарының тағы бір ерекшелігі бұлар көрмелік мақсатты алға қоймайды, күнделікті өмірде сәні мен салтанаты пайдалану тиімділігімен терең үйлескен. Қалалық болсын, ауылдық болсын кез-келген үйге жарасымды әрі заманауи дизайнмен жасалады.

Жеңісгүлдің көрпе-жастығымен матадан жасалған дүниелер кез-келген шет елдік болсын, отандық болсын үйдің ағаш-жабдықтарымен (мебельдерімен)  үйлестіруге болады. Таңдап алған маталары мен салма материалдары ыстық пен суыққа төзімді, ортаның әсерінен иіс шығару, бұзылу сияқты зиянды әсерлерге төзімді.

Базардан сатып алған көрпелерден артықшылығы тігісінен, сыртын алып жуған кезінде ішіне салған жүннің басқа тыста қабылуынан бірден байқауға болады.

Сонымен, сіз өзіңіздің жасауыңызды Жеңісгүл Даулетовадан алғыңыз келсе, не оған тапсырыс бергіңіз келсе төмендегі байланыс жүйелері арқылы байланыса аласыз: 

Жеңіскүлдің фейсбуктағы бетшесі: Jenisgul

Телефон номері: +7 (702) 942 38 85

                                             + 7 7473678281

Мекен-жайы: Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылы, Жеңістің 50 жылдығы көшесі 11 үй. (Илиский район, село Ащибулак, ул. 50лет победы. 11, Almaty, Kazakhstan, 050000)

20 Пікір

  1. Жеңісгүл, салем! Сізді айтуға оңай бағдарламасынан көріп едім. Жұмыстарыңыз өте керемет! Алла сізге күш-қуат берсін! Менің сұрайын дегенім бөстектеріңіз қанша тг.?

    • Жансая, Жеңіскүлмен фейсбуктағы бетшесі арқылы хабарласып бағасын білуге болады. Бағасын жазар ек, қазір баға құбылмалы болып тұрған соң жаза алмадық. Біз басқа сан жазып, Жеңіскүл шығынға қарай басқа баға айтса сіздерден де ұят болады ғой

    • Салеметсизбе! Курактын кай турин алгыныз келеди менде корпешелер ар турли ени 90 узындыгы 2.15 матасы плюш(макпалдеп те аталады) кошкар муйыз тор корпе биринши оюды матага тигип устинен тесма жиппен екинширет тигемин оте мыкты болады осы корпеше 12000тг

      • Бари де матасына байланысты меним корпелерим тигиси орнеги озгеше бул корпе жастыктар тек кана табыс кози емес мен ушин ол казактын онери оны алемге танытып журмин. Мен казакстан шеберлер уйнде мушесимин. Меннен шетелдиктер коп алады олар казакстанга келгенде меннен алып кетип жатыр оздери . Ал Монголияга калай жиберуди сурайын меним номериме хабарласыныздар корпе жайлы барлык суракка жауап беремин рахмет!

  2. саламатсызба? менің сурайн дегеним 1 қыз жасауы жастыган көрпесин барлығын қосканда ен арзан бағамен қаншага шығады. Алдын-ала рахмет

    • Салем! Мен али турмыс курмадым.) Меним телефоныма хабарласыныз корпенин багасын айтамын. Рахмет.

      • салеметсизбе. Whats App-ка сизге хабарлама жазган едим. корпе жастыктын фотосын сурап. багасымен жазып жибере аласызба ? Анама корсетип, тандау жасасакпа деген едик

  3. женискулге колына куат берсин,маган сенин корпелерин унады,менде корпелер кураимын.сеникиндей корпе тиксем деимин.

  4. Айжан. Мен де Жеңіскул сияқты жасау тігетінім бар. Мен ОҚО тұрамын. Сіздің сайтыныз арқылы мен де өз бұйымдарымды жарнамаласам бола ма? Дәл қазір маған жарнама өте қажет, бір жылдан соң жамбасыма ота жасатуым керек. Соған дейін өте қымбат дәрілер қабылдауым қажет екен. 3 топ мүгедегінің жәрдемақысы жетпейді ол дәрілерді алуға. Екі ұлым бар, үлкені 1 сыныпта оқиды.
    Сондықтан жасауды көбейтіп, қосымша табыс табу керек болып тұр. Жасаудан басқа бижутерия жинай аламын, фетрден неше түрлі әдемі заттар жасаймын.

    • Суреттеріңіз бен контантілеріңізді жіберіңіз және бағасын, маталарыңызды, бәрін жазып жіберіңіз.

  5. Сəлеметсізбе ! Өте керемет.Жұмыстарыңыз алға бассын тілектеспін.Жемісін көріңіздер.өзім үйде арасында тігемін сіздің құрақтарыңыз ұнайды. Меніңде үйреніп тіксем деген ниетім бар.Рахмет.

Пікір қосу