Күйеуім тез бітіреді, не істесем болады? 18+

«Күйеуім тез бітіреді, не істесем болады?» деген сұрақты біз тек әйел адамдардан ғана емес жігіттерден ала бастаған соң осы сұрақтың себебін іздеп көрдік.

Мамандар бар мәселе адамның ойы мен адамдардың қарым-қатынасына байланысты деген тұжырым айтады. Тағы бір мәселе,  жігіттердің көп уайымдауы.

Мысалға, бір қатар жігіттер тез бітірмеудің өз жолдарын ойлап тапқан. Себебі, жігіт неғұрлым бітіруді ойласа соғұрлым тез бітіреді екен. Сондықтан ол сәтті ұзаққа созу үшін біраз амалдар жасайды екен:

  • Мен жақындаған кезде ең қызық футбол матчтарын есіме түсірем. Кім-кімге пас берді.
  • Мен жүзден кері қарай санаймын, тоқсан тоғыз тоқсан сегіз,…
  • Мен Морзе әліпбесінің ритмымен Абайдың өлеңдерін айтқандай жасаймын…
  • Мен қызды/қатынды мыстан кемпір етіп елестетем.

Өздеріңіз көріп отырғандай, әркімнің тез бітірмеу себебі әртүрлі. Универсал кеңес жоқ. Жігіттердің көбісінің айтатыны, бір қызбен ұзақ болады, бір қызбен қысқа дейді. Түйсік бойынша «жыныстық қатынасты тез аяқтауға тырысу» деген себеп те бар. Өзі білмейді жігіт, бірақ тез құтылғысы келеді екен. Одан бөлек жеке сезімталдық бар. Ұзақ уақыт секссіз жүрген жігіттерде бұл көп кездеседі. Тағы бір себебі, мастурбация.

Мастурбация жасағанда, секстің ұзақтығын, эмоциялық жағын ойланылмайды, тек қышыған жерді тынышталдыруға асыққандықтан тез-тез оргазмға жетуге асығады. Содан жігітте «сексте оргазмға кім бірінші жетеді» деген сайыс түрінде қалыптасып қалады. Оны өзі де білмейді. Тағы бір себеп, қыздың ана жері тым кеңейіп, бұлшық еттері босаңсып кетуі. Сондықтан қыздарға бірнеше жаттығулар жасатып үйрету керек.

Бұдан басқа да көптеген себептері бар, мысалы денсаулық. Тағы бір себеп, тым жүйрік фантазия. Қыз шешінем дегенше, ойша барлық позада жасап тастайтын кездері болады. Сондықтан да, қыз өзі шешінгеннен гөрі жігіт шешіндірген ұзақтау болуға себеп болады екен.

Тағы бір себеп, порнофильмдер. Порнодағы жігіттердің сағаттап болуы қыздарда да жігіттерде де барлығы солай істеу керек деген ой тудырады. Шын мәнінде, порнодағы ұзақтық норма емес. Идеал да емес. Жігіттер де қыздардың барлығы порнодағыдай мінсіз фигураларға көзі үйреніп қалады. Адамдар реалдан алшақтап барады. Образбен ойлайды. Қыздар жігітіттерді жіктеп тастаған, романтика болса, пәлен кинодағы актер, секс болса, түген кинодағы актер, ал әке болса мына фильмдағыдай болу керек деп. Соның нәтижесінде, өмірде теория түрінде де кездесуі мүмкін емес қияли адамдарды ойлайды.

Кәдімгі тышатын, кейде өтірік айтып қоятын, өзі сияқты пендешілігі бар адаммен бітіруі де қиын болады. Қыздардың жиі мастурбация жасауы да оның бітірмеуіне себеп болуы мүмкін. Әбден образбен жыныстық қатынасқа түсуге, ритмді өзі реттеуге үйренген әйел, тірі жыныстық қатынаста көбіне еркегінің әрекетімен санасуы керек, соған икемделуі керек болады. Сосын, бейсаналы түрде ол жігітпен бітіргісі келмеуі мүмкін. Яғни жігіттен емес, тек секстен ләззат алуға тырысқанда.

Ең дұрысы сексіз жай аймаласып, секс туралы әзілдер айтып оңашада, намектар тастап, массаж жасау, құр сүйісу, құшақтасып жату сияқты секссіз секстен ләззат алуды үйрену керек. Содан кейін жұмыс режимінен, үй, бала-шаға режимінен дереу секс режиміне түсе алмау да кедергі. Жігіт уже дайын, ал қыз әлі ертеңгі үй жұмысын, қонағын ойлап жатады. Енді қыза бергенде жігіт болып қойған. Түптеп келгенде, миллион себеп бар.

«Оргазм болмаса, өлдім» немесе жігіттерде «Бітірте алмасам, біттім» деген ойдан құтылу керек. Сол кезде, секстің бітуінен емес, өзіне ләззат алуға үйренеді. Ал «міндетті түрде бітіруім керек» деген түсінік сексті бір міндетті тапсырмаға айналдырып жібереді. Ал міндетті тапсырма мен ойынның айырмашылығы жер мен көктей. Көп оймен  басыңды қатырмай ойыннан ләззат алып үйрену керек, оргазм міндет емес, екі адамның бір біріне деген ынтызарлығы мен сүйіспеншілігіне берілген сый деп түсінілсе, бәрі керемет болады.

Жыныстық қатынаспен айналысуды міндетті жұмыс деп қарамау керек. Мысалы, кейбір жұптар аптаның мына күндері боламыз деген сияқты жоспар құрады. Бұл дұрыс емес. Мұндай жағдайда сізде міндет пайда болады. Сіз сол міндетті атқару керек деген ой қалыптасып араларыңызда салқындық пайда болады. Жыныстық қатынас жоспарсыз болғаны дұрыс, оған күнделікті болмаса да бір өзгеріс енгізіп тұру керек. Мысалы, болатын жерді өзгерту. Мүмкін, көлікте, лифтіде, тауда болып көрерсіздер. Әрине, ешкім көрмейтіндей етіп.

Тағы бір амалы, рольдік ойындар.  Секс тек қана ары-бергі қозғалыс емес, ол — өнер. Сондықтан тек миссионерлік позадан басқа позаларды байқап көру керек шығар. Екеуіңіздің араларыңызда құпия болмауы керек «былай жасап көрсек қалай болады?» деген ойды бір-біріңізге айтудан жасқанбаңыз. Себебі, секс тек ер адамға ғана емес әйел адамға да керек. Әйеліме байланысты деп тек әйеліңіз айтқанды ғана жасап жүруге тағы болмайды, кейбір әйелдер бұл істі еркектің өз қолына алғанын қалайды. Өзіңіздің төсекте басшы (арыстан) екеніңізді көрсете білуіңіз керек. Әйел өзін төсекте әрқашан әлсіз сезінгісі келетінін ұмытпаңыз.

Егер әйеліңіз сізбен бірге бітірмей жатса, онда кінә көбіне ер адамдардан болады.
Мысалы, «секс деген осы екен» деп өз ісін бітіруге кірісетін еркектер болады. Әйеліңізді оятпай жатып өз жұмысыңызды бітіруге асықпаңыз. Ондай жағдайда әйел сізбен екінші рет болудан қашқақтайды. Сол себепті сіз әйеліңізден жиі «басым ауырып тұр, ертең жасасақ қалай болады?«, «ертең жұмысқа ерте баруым керек, демалыста жасайықшы» деген сөзді жиі еститін боласыз.

Әйелдер өзін аймалағанды, сүйгенді ұнатады. Ең бірінші сүйген сүйісіңіз әйел адамға көп нәрседен хабар береді. Сондықтан сүйісудің өзіне көп мән беріңіз. Әйелдің барлық денесі сезімге толы, сондықтан барлық жерінен сүйіп, сипалап оны ояту амалдарын жасаңыз. Сүю арқылы сіз әйеліңіздің ең сезімтал жерлерін біле аласыз. Ол әр қызда әр түрлі жерде орналасады. Бірінде құлағында, бірінде төсінде, бірінде мойнында кейбірінің тіпті арқасында болуы мүмкін. Сондықтан ең бірінші әрекетіңіз әйелдің денесін танып-білуден бастаңыз.

Ал, еркектер үшін басты нәрсе — ол тазалық. Әйелдің қолтығының иісі емес аузынан жаман иіс шықса еркек адамның бар ынтасы қашады. Сондықтан бар жеріңізді таза ұстап, іш киімдеріңізді жиі жаңартып тұрыңыз. Ер адам осы себептерден де өз ісін тез бітіруге тырысады.
Барынша көп ақпарат беруге тырыстық, сұрақтарыңыз болса пікір ретінде қалдыруларыңызға болады.

Арнайы neke.kz үшін МА

Оставьте комментарий