Кристина Агилера қызды болды

0
926

Танымал әнші Кристина Агилера 16- тамыз күні қызды болды. 33 жасар Әнші Лос-Анджелестың Cedars Sinai перзентханасында өзінің екінші баласын өмірге әкелді. Ол жерге әнші таңғы сағат 8 де өзінің сүйіктісі Мэтт Ратлермен келген.

Кристина Агилера

Естеріңізге сала кетсек, әншінің бірінші күейуі Джордан Братманнан 6 жасар Макс атты ұлы бар. Ғашықтар 2011 жылдың сәуір айында ажырасып кеткен болатын. Ал, әншінің екінші баласына аяғының ауырлығы осы жылдың ақпан айында белгілі болған болатын. Өзінің Ратлермен кездесіп жүрген жария еткеннен кейін бір аптадан кейін әншінің жүкті екені де белгілі болды.

Кристина Агилера екі апта  бұрын V magazine журналының тамыз айындағы санына жалаңаш күйінде түскен болатын.

20141708-www97997

Агилера мен Ратлер әзірге ресми түрде некелеспеген. Ғашықтар Рождество мейрамында үйленуді жоспарлап отыр. 

 

Пікір жоқ

Пікір қосу