Королева шөберелі болды

0
908

Бүгін Ұлыбританияда ұлы той, британияның королевасы 2- Элизаветта шөберелі болды. Ұлыбританияның ханзадасы Уильям мен Кейт герцогиня екеуінің тұңғыш ұлдары дүниеге келді.

The Guardianның хабарлауы бойынша, баланың салмағы  — 3,8 кг,  бойы әзірге белгісіз. Ол түнгі 23.24 те туылған. Ханзада Уильям әйелінің босану сәтінде қасында болған. Баспаның хабарлауы бойынша, Кейт және бала өздерін жақсы сезінеді.  Баланың есімі әзірге белгісіз. 1982 жылы нәрестенің әкесі Уильям туылғанда балаға есім беру үшін бір апта кеткен екен.

Жаңа туған нәрестеге енді тек «Мәртебелі, Кембридж ханзадасы» деген атақ беріліп, тек солай атауға міндеттелінеді. «Кембридж ханзадасы» атағы, негізінен бұрынғы британияның монарихия кезінен ханзадаларға тіркеліп келе жатқан атақ. Кембридж қаласының мэрінің сөзіне сенсек, қала тұрғындары үшін бұл үлкен құрмет.

Британия халқы, жаңа туылған ханзадаға көптеген есімдерді талқылап, көбі Джордж, Джеймс, Филипп және Александр есімдеріне тоқтаған болатын. Бірақ, әзірге 668D2334BA14090DC8923936DF014король отбасының қандай шешімге келгені белгісіз.

Ханзадамен бірге бір күнде туылған барлық британиялық сәбилер күміс теңге алатын болады.  Жаңа туылған сәби таққа иелік жағынан үшінші орында, алдында атасы және әкесі тұр.

Естеріңізге сала кетсек, ханзада Ульям мен герцогиня Кэтрин Миддлтон 2011 жылдың 29 — сәуірінде отбасын құрған болатын.

Бала көтергелі герциогиняның жүзінен күлкі кетпеген және ол аяғы ауыр бола тұра барлық шақырылған жерге барып, өз міндетін жақсы орындаған.

Пікір жоқ

Пікір қосу