Көктемгі қалыңдық көйлегі

0
3161
Көктемгі қалыңдық көйлегі

2014 жылдың көктемгі қалыңдықтарына ұсынған ең бір ерекшелігі ол — гүл басылған қалыңдық көйлектері. Олардың әдемілігі адамның назарын бірден өзіне аударып қана қоймай, көңіліңізге көктемнің әсерін жеткізе алуында да болып отыр.  

5b106e690163af7692b6daef82a1adc9 11

Гүлді немесе қазір атап жүргендей флоралық таңбалау (флоральный принт) сән әлеміне бірінші рет бой көрсетіп отырған жоқ, бұған шейін әлемдік дизайнерлер гүлмен небір сәндік көйлектерін ұсынған болатын енді міне қалыңдық көйлектерімен де бізді таңқалдырмақшы. Бұл көйлектердің ерекшелігі сіздің романтикалық образыңызды анық сипаттауға мүмкіндік береді.

26c6f3442c4bc044475f184c7124de57 552x828_67eca40478e01df853831c6d52be0366

Алдында жазып өткендей, биылғы Париж қаласында өткен сән апталығында әр түсті гүлді қалыңдық көйлектерін  Эли Сааб (Elie Saab) пен Зухар Мурад (Zuhair Murad) ұсынған болатын.

54cae28d8b42407b6038139c71f15728 54c6f9df0ad804451cd33c775f3262df

Ірі немесе ұсақ гүлдер, нәзік немесе адамның назарын бірден өзіне аударатын түстер, кестелеп тігілген, тастармен көмкерілген ерекше көйлектер адамға нағыз көктем лебін сыйлап көңіл-күйіңізді көтереді.

d8bceb22997ce61dedf9747bb31d9dd8 b9c880f95950f1b863aa0b8f0a58967e

Көйлектің түсімен адамның көңілін бірден өзіне аударатын ерекше көйлектерді Giardini Paghera ұсынған көк түсті гүлдер мен күлгін түсті гүлдері бар көйлектер қалыңдықтың ерекшелігін айқындап тұратындай:

Giardini Paghera

Giardini Paghera

 Көктемгі қалыңдықтарға өзі тұрмысқа шығатын кезеңнің тағы бір ерекшелігін, артықшылығын паш етуге арналған мына көйлектері сіздің де ерекше жан екеніңізді бірден дәлелдеп беретіндей…

Пікір жоқ

Пікір қосу