Көбелек қанатында…

0
2333
көбелек

Қазіргі күні той сәнінің ерекше атрибуты ретінде көбелекті пайдалану кеңінен етек алып келеді. Нәзіктік пен әдемілікті паш етіп тұратын көбелектер той иелерінің ішкі нәзіктіктерінен хабар беріп тұрғандай. Той залынан бастап шақыру билетке дейін көбелекті қалай қолдануға болатынынан аздап кеңес беріп кетпекпіз.

Көбелектерді тойдың барлық сәнденуіне қолданып тойға ерекше әр беруге болады. Той өтетін жерді көбелектермен сәндеу- әдемі әрі ерекше көрінеді.

Шақыру қағаздарына көбелек салынуы жоғарғы талғампаздықтан хабар беріп тұрғандай. Тіпті қолыңызға ұстайтын гүліңіздің өзіне әдемі қанық түстегі көбелекті қондырып алсаңыз елдің назарына бірден түсетін болады. Тіпті туфлиіңіздің үстіне әдемі көбелекті қондырып алуға болатынын естен шығармаңыз.

Батыл әрі нәзік қыздар көбелекпен сәндеуді өзін сәндеуде де қолдануына болады. Шыш қыстырғыштарыңыз, әшекей заттарыңыз көбелек пішінді болуы сіздің талғамыңыз бен нәзіктігіңіздің айқын дәлелі болары анық, ал көйлегіңізде шілтерлерлі-көбелекті болса, онда ол көйлектің басқа қалыңдық көйлектерінен ерекше екеніне сеніңіз.

SWqj7wXu7p0 0_8a80b_6918780a_XL

Мадина Сәдуақасова өз тойында көбелекпен сәндеуді ерекше пайдалана білген. Мадина Садуақасованың тойында киген көйлегінде дизайнер Айман Тоқтағұлова көбелектерді ұтымды пайдалана білген. Көбелектер Мадинаның көйлегін басқа көйлектерден ерекшелеп қана қоймай, Мадинаның нәзік ішкі әлемін ерекше айқындай түскен. Мадинаның тойында көбелектерді тек көйлектен ғана емес Олжастың бутоньеркасынан да байқауға болады.

Мадина Садуақасова той көйлегі Мадина Садуақасова

Төмендегі суреттерден қарап отырсаңыз, залды әрлеуде де көбелектерді қолданылған. Жастардың отыратын орындарының артқы фонында және пресс қабырға көбелектермен сәнделген және столдың үстіне қойылған гүлдердің өзінде көбелекті қондырып қойған. (сурет сапасы үшін кешірім өтінеміз).

SIys7fWyFew 0eOeZNeuey8

Тіпті той торты да солай сәнделген, бірақ торттың ең үстінде фотоаппарат тұрағандықтан да көбелектер бірден назарға ілінбейді. Негізінен, ноталар мен көбелектер әдемі үйлескен, әрі той иелерінің қандай маман иесі екенін бірден білдіреді. Ал фотоаппараттың тұруын біз артық деп ойлаймыз. Дегенмен, торт өте әдемі!

көбелек торт

Өз тойыңызға ерекшелік енгізгіңіз келсе көбелектер сізге жақсы әрлеуші болмақ.

Пікір жоқ

Пікір қосу