Кличко қалыңдығына 500 000 $ ға неке жүзігін сыйға тартты

2
910
Владимир Кличко қалыңдығымен

Украиндық танымал боксер Владимир Кличко мен америкалық актриса Хайден Панеттьери осы 2013 жылдың желтоқсан айында үйленбекші, ал қәзірге танымал қалыңдық сүйіктісі сыйға тартқан жүзігін көрсетіп қуанышы қойнына сыймай жүр.  қалыңдық жүзігі

«ТСН. Особливе» арнасының хабарлауы бойынша, актриса жүзікті ең қымбат деген жүзік салонынан алған. Қалыңдық көптеген жүзіктерді ұнатқанымен, соңында таңдауы осы 6 караттық жауһар көзді бағасы 500 000 $ тұратын жүзікке тоқталған.

Танымал шеберлер, сақинаның 6 караттанда ауыр отыратындығын және бұлай изумурдты қырлау ең  жоғарғы сапаға жататын табиғи өнімді қажет етеді дейді.

Естеріңізге сала кетсек, Кличко мен Панеттьери  2013 жылдың 14- желтоқсан күні некелесетіндерін хабарлаған болатын. Бірақ, әзірге тойларының қайда өтетіні белгісіз.

Белгілісі тек, Владимир өзінің туған жері Украинада, ал актриса АҚШ та өткізгісі келетіні. Мүмкін, алдымен Украина да сонан соң АҚШ та өткізетін шығар деген болжам бар.

2 Пікір

  1. Cүйiктiсiне қымбат сый жасап қуантып жатқаны құптарлық, тек, екi елде той жасау — аздап артықтау сияқты…

Пікір қосу