Киім таныстыру

0
3693

Ұзатылған қыздың артынан қыздың кимін жасайды. Бұл салтты батыс пен оңтүстік жақтарда көбіне «киім таныстыру» деп атайды. Қыздың киімдерін төсек-орын апарған кезде арнайы сандыққа салып бірге алып барады.  Киімдерін көбіне ашып көрсетіп сапасын, санын көрсетеді. Көбіне жаңа киімдер салынады. Қыздың жаздық, қыстық, сырт киімі, ұсақ-түйек киімі деп жеке-жеке алып, жеке-жеке таныстырылады.

Қыздың киімдерінің ішіне бет сүртетін орамалы, тәпішкесі, орамалы басына салатын, халаты, ұйықтарда киетіндері артық болғаны жақсы. Себебі, келін бұл заттары мен абысындары мен қайын сіңлілерімен бөліседі.

Пікір жоқ

Пікір қосу