Кимпаб жасау

3
2155
кимбап жасау

Қазіргі кезде корей мәдениеті мен корей асханасы біздің өмірімізге енгелі көп болды. Әр асханадан өзімізге ұнайтын бір тағам болады. Сол сияқты шығыс асханасынан суши мен кимбап көп адамның қалаулы тағамы. Бүгін біз сіздерге кимбап дайындаудың ең оңай мәзірімен бөліспекпіз. Кимбаптың сушидан айырмашылығы балық етін басқа қалаған нәрсеңізбен алмасытыра алатының және бұл жерде піскен балық қолдана алуыңыз.   Кимбапқа былқтың орнына шұжық (колбаса), шаян таяқшалары (краб), қой сиыр етін майдалап турап, қуырып алып қосаңызда болады. Бүгін біз шұжықпен кимбап жасадық.

Керек заттар:

Бамбук кілемшесі (250-300 тг тұрады базарда)
Нори жапырағы немесе теңіз капустасы жалпақ түрінде (қалыңдауы дұрыс)
Күріш
Жұмыртқа 2 тал
Ққияр 1 тал, тұз, сумай

Шұжық

Алдымен күрішті суға пісіріп алыңыз 1 шыны күріш біраз болады. Шұжықты ұзынынан кесіп, майға бір рет қуырып алыңыз. Екі жұмыртқаны ағы мен сарысын араластырып кішкене тұз салып майсыз табаға қуырып алып, ұзын-ұзын тілмге кесіп дайындап алыңыз. Күріш суымай тұрып кішкене майға араластырып алған жақсы. Күрішті нори жапырағына өте қатты суымай тұрып жұқалап салған дұрыс.

Дайын болған кимбапты кішкене бөліктерге бөліп соя соуысына батырып жеген дұрыс.

3 Пікір

  1. кимбапты ана таяқпан кішкене қыссса әдемі шыгатын сияқты, әйтпесе шашыраңқы боп тұр. Сосын жогарыдагы нори жапырагы тек күріш жеуге арналған деп жазылған каптамасында мен коргенде, андай кимбап жасағанда тез жыртылып кетеді.

Пікір қосу