Ким Ина үйленеді

6
5434

Бізге «Ва-Банк«, «Айрис« сериалдары арқылы таныс  актер Ли Бен Хон яғни Ким Ина осы жылдың 10- тамызында Сеулде орналасқан Хаятт қонақ үйінде үйленбекші. Ли Бен Хонның таңдаған аруы Ли Мин Чжон. Ли Мин Чжон қазақстандықтарға «Керемет төрттік» сериалындағы тұштақай қыз арқылы өте таныс актриса. lee_min_jung10

Екеуі осыдан 7 жыл бұрын кездескен екен, тек жағдайға байланысты қарым-қатынастарын тоқтата тұрғандары мәлім болды. Ол жайында Ли Бен Хон өз сөзінде: «Ол екеуіміз ең алғаш 2006 жылы кездестік. Мансап жолын енді ғана бастап жатқандықтан, бір-біріміздің жұмыстарымызға кедергі келтірмейік деп шештік»- деп түсіндіреді.

Міне, 7 жылдан кейін қос ғашық қайта табысты. Өздерінің сезімдері жайында көпшілікке 2012 жылдың тамыз айында хабарлаған болатын. Ал үйленетіндері жайлы ақпаратты маусым айында растаған еді.

Ли Бен Хоннан Ли Мин Чжон жайында сұраған кезде: «Ол өте әдемі, алайда әдемілік мен үшін маңызды емес. Бастысы екеуімізге ортақ ыстық сезім болса болғаны. Бізге көп нәрсе ортақ. Екеуіміз күніне 24 сағат сөйлесе аламыз. Нәзік жасына қарамастан, ол ақылды. Ол менің жасымдағы адамдармен ой бөлісе алады» деп жауап берген екен.

6 Пікір

  1. мен осы киноны алигедеин корип келем кору ге жалыкпайым оиткени бул киноны оте унаиды мен ким инанын табынушысы десем де болад

Пікір қосу