Киім-кешекке тағылатын әшекейлер

0
2194

Бастырма – күміс әшекей, онымен қамзолдың, кәжекейдің, көйлектің өңірін бастырып қояды. Көйлектің етегіне қадалатын да алтын жалатылған күміс әшекейді бастырма деп атайды. Бесқұлақ – бастырма тәрізді бұйым. Бес күміс теңгенің ортасына асыл тас орнатып жасайды. Жарма – жапырақ бейнелі шытырма, әйел көйлегінің екі өңіріне тағылады.
Тана – жағаға, баскиімге, омырауға сәндік үшін тағылатын жалтырақ әшекей. Түйме – омырау әшекейі, ішінде сылдырмағы болады,үлкендігі кішігірім жұдырақтай, киімнің алдына айқастыра жабу үшін қажет. Ішін қуыстап, әр түрлі кескін бере  күмістен жасап, сыртына зер салынған мұндай бұйымдарды торсылдақ түйме дейді. Түйме атаулары: ақтас, алтын түйме, бақа түйме, баспы, бастырма, бөпіке, бұрама күміс түйме, гауһар түйме, жез түйме, жабысқақ, зерлі түйме, көз  түйме, күмбез түйме, күмбір-лік, күміс түйме, қара ала кү-міс түйме, қақтама, маржан түйме, сабақты түйме, сары ала түйме, седеп түйме, тиек,топшы, торсылдақ түйме, шар түйме, шыны көз түйме, шытырма, үзбелі түйме.
Танакөз – түйме тәрізді дөңгелек, асыл тасты, күміс-тен жасалған сәндік бұйым. Қыздардың тақиясына, бөр-кіне, омырауына, жағаға тағады.
Қапсырма – екі бөлек  жасалып, бір-бірімен ілгек арқылы жалғасқан, түйме орнына қолданылатын ою-өрнекті, сіркелі, асыл тасты күмс әшекей. Қамзол, кәзекей, кеудеше  сияқты қыз-келіншектердің сыртқы киімінің екі өңірін бір-біріне қаусырып тұру үшін қажет. Қапсырманың түрлері: ақық көзді қапсырма, алтын қапсырма, күміс қапсырма, қошқармүйізді қапсырма, шытыралы қапсырма. Оны қаптырма, қаусырма деп те  атай береді.

Пікір жоқ

Пікір қосу