Келіндер бәйгесінен не үйренуге болады?

0
2555

14- наурыз күні Алматы қаласында орналасқан «Мирас» салтанат сарайында 31 арнадан 28 наурыздан бастап көрсетілетін «Келіндер бәйгесі» атты үлкен жобаның тұсауы кесілді.

_GTI1593

Жобаның ерекше болатынын журналистерге арналған пресс- конференциядан байқадық. Жобаның таныстырлуының өзі той сияқты басталып, еліміздің танымал бойдақ жігіті Тәуекел Мүсілімді «үйлендіріп» жіберді.

_GTI1457

Тойдың асабасы — танымал асаба Бейбіт Сарыбай болды, ал жиынға келген журналистер құда-құдағи мен қайын сіңілі-қайны ініге айналып кетті. Ал той мәзірінде мін болмады, тіпті шын тойдағыдай тойбастар таратылды. Жалпы тойбастарға сондай керекті зат таратуға болатыны жайлы ой салды. Қызықты басталған жобадан не күтуге болады?

«Келіндер бәйгесінің» мақсаты — той алдындағы, барысындағы қобалжумен астасқан биік дәрежеге ұмтылған дайындықты көрсетіп, қалыңдықтардың өзін қалай ұстап, жұрт көзіне қалай көрінетінін бейнелеп, көрсету. Расында, шоу еш сценарий, скриптсіз өтпек. Демек, экраннан көретін жағдаяттың барлығы — шындық. Қамшы да, ат басы да бұл шоуда келіндердің қолына беріледі.

«Келіндер бәйгесі» апта сайын өтеді. Шоуға төрт келін қатысады. Әр аптада бір қалыңдықтың тойы тойланып, қалған үш ару қонақ ретінде келіп, тойдың безендірілуі, бағдарлама мен қызықты ойындарға, мәзір және қалыңдық образына баға беріп, талқылайды.

Шақырылған жұлдыздар немесе өздерінің ән орындауы, кәсіби бишілер немесе халық билері, қымбат көйлек немесе өз қолымен тігілген қарапайым той көйлегі, экзотикалық тағамдар немесе өзіміздің бешбармағымыз? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын төрт қатысушы жоба барысында іздейтін болады. Соңында жалғыз ғана қалыңдық өз бәсекелестерінен озып шығып, бал айына арналған жолдаманың иесі атанады.

_GTI1507

Біздің ойымызша осындай жоба арқылы әр қалыңдық үйлену тойы болсын, ұзату тойы болсын өзін сырт жағынан бақылай алады. Бұл жоба арқылы әр ару үшін басты мақсат жеңіс емес, әр кезде өзіңнің адам болып қалуыңның маңызды екенін көрсетеді.

Біздің тақырыпқа сай жоба болғандықтан да біз сіздерге бізбен бірге көруге шақырамыз.

Пікір жоқ

Пікір қосу