«Келiндер Байгесi» шоуының екінші маусымы шығады

0
894

31 арна Алматы қаласында «Келіндер бәйгесі» шоуының екінші маусымының таныстырылымын өткізді. Шоуды 24 қазаннан бастап дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 19.00-де 31 арнадан тамашалай аласыздар.

«Келiндер Бәйгесiнің» алғашқы маусымы биылғы жылдың көктемінде эфирге жол тартып, жоғары рейтингтік көрсеткішке ие болды. Жобаның үлесі– 13,7. Яғни, бағдарламаны Қазақстанның әрбір алтыншы тұрғыны көрді деген сөз.

unnamed-4

— Бұл той-томалақты, сән-салтанатты жақсы көретін қазақстандықтардың менталитетіне жақын тақырыптағы реалити-шоу, — деді таныстырылым барысында 31 арнаның Бас директоры Бағдат Қожахметов. – Біз қателеспедік. Қазақ халқының жанына жақын, өмірінде маңызды орын алатын құбылыстарды басты тақырып етіп, жобалар жасау керек екен. Той – қазақтың қазынасы. Зерттеулер қазақ халқының ертеңге үлкен үмітпен қарайтын, рухы мықты, шаңырағын кие тұтатын халық екенін көрсетті. Бізде той көп, көшеден аяғы ауыр келіншек көрсек, көбейіп жатырмыз деп қуанамыз. Оның үстіне, қазақстандықтарға басқа біреудің тойының қалай өткенін, тойда қандай жаңа салт-дәстүрлер пайда болғанын білу қызық. Сол себепті бойжеткендер үздік қалыңдық атануға таласатын біздің дәл осы жобамыз көрермендердің ерекше назарына ілікті. «Келіндер бәйгесінің» екінші маусымы алдыңғысынан да қызықты, продюсерлеріміз мейлінше күш салған, жоба қазақ тілінде, экранға орыс тіліндегі субтитрлармен шығады, негізінен, экранда не болып жатқанын түсіну үшін қазақ тілін білудің қажеті де жоқ.

Тойлар бір-біріне мүлде ұқсамайды, әрқайсысының стилі әр басқа. Сондықтан жоба көрермендері еліміздің әр аймақтарындағы той рәсімдерін өткізудің ерекшеліктерінен хабардар болып, әр ұлттың салт-дәстүрлерімен танысады.

unnamed

Реалити-шоудың екінші маусымында бағдарламаға республикамыздың әртүрлі қалаларынан қалыңдықтар қатысады. Егер бірінші маусым Шымкент, Тараз және Алматы қалаларында ұйымдастырылған болса, екінші кезеңде жобаның ауқымы кеңіп, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, соның ішінде Павлодар, Ақтөбе қалаларының өкілдері жоба қатысушысы атанды.

Мәселен, Шымкентте өткен тойларға 500-ден аса адам қатысса, той кортедждері, лимузиндер, жастардың қыдырыстарына ерекше көңіл бөлінсе, Ақтөбеде келіннің қолынан шай ішуге қатысты ерекше дәстүр бар. Ол еліміздің оңтүстік аймақтарында жоқ. Ал павлодарлық тойлар күндіз сағат үште басталып, кешке он бірде аяқталады. Тараз бен Алматыда, керісінше, қонақтар шақырылған уақыттан бір-екі сағатқа кешігіп келсе, жастар жағы кешкі жетіден ерте қыдырысқа шықпайды, — деп жоба туралы пікірімен бөлісті арнаның атқарушы продюсері Әсел Тоянова.  

unnamed-3

P.S. «Келіндер бәйгесі» алғашқы бөлімін көрген кезде ұққанымыз, әр келіннің талғамы, өз міндетін орындауы ғана емес келіндердің адамгершілігі мен өздерін көрсете білуі бірден байқалады. Танысқан кезде бәрі әдемі, көңілді, бір-бірімен дос көрінеді. Дегенмен, жарыстың аты жарыс. Өзіңе мықты болуың керексің және ең бастысы жарыс арқылы да сенің мінезіңнің қандай екенін көрінетінін ұмытпау керек деп ойлаймыз. Әрине, жоба арқылы әр келін өзінің іс-әрекетін сырттай бақылап, өзіне баға бере алады деген ойдамыз. Себебі, той күні әр қалыңдық толғаныста болады. Өзіңіздің толғанысыңызға бой алдырып көңіл-күйіңізбен тойдың қызықты сәтін бұзып алмаңыз дегіміз келеді.  Жақсыны көрмекке деген, көріп жақсы жағын үйрене білейік!

Пікір жоқ

Пікір қосу