«Қазақстан Аруы — 2013» атанған Айдай Исаева тұрмысқа шықты

0
2291
Айдай Исаева

«Қазақстан Аруы — 2013» атанған Айдай Исаева тұрмысқа шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 жастағы арудың таңдауы 30 жастағы консалтингтік компанияның бас директоры әрі қайырымдылық қорының президенті Мақсат есімді жігітке түскен. Олардың таныстығына үш жыл болды. Айдай достарымен оқу семестрін сәтті аяқтағанын атап өтіп жатқан кезде қарсы орында отырған Мақсат оны ұнатып, танысуға бел буған.

1(228)

Үйлену тойы Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өтті. Тойға екі жастың ата-аналары мен достары, ұжымдастары шақырылды. Сонымен қатар, Айдай Исаеваның тойына «Қазақстан Аруы« конкурсының қатысушылары мен жеңімпаздары Альфина Насырова, Регина Вандышева, Әйгерім Үзембаева, Мадина Дәулетова, Әсел Сыпабекова, Салтанат Бекжігітова келді.

2(226)

Айта кетейік, қалыңдықтың қыз жолдасы «Ресей Аруы — 2014» атанған Юлия Әліпова болды. Айдай Исаева онымен АҚШ-та өткен «Әлем Аруы — 2015» байқауында танысқан.

3(203)

Айдай үйлену тойына Қазақстандағы белгілі дизайнер Наиль Байқұшықов тіккен көйлекті таңдады. Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын Шымкент қаласында Айдайдың ұзату тойы өтті. Үйлену тойынан кейін ол мамандығы бойынша отбасылық дәрігер қызметін жалғастырып, модель кәсібімен айналыса береді.

4(194) 5(194)

1430029475a34y6 1430029475ey834 1430029475j9aq9 14300284573093 TW1_7915_новый размер

Ақпарат kaz.tengrinews.kz сайтынан алынды

Пікір жоқ

Пікір қосу