Қалыңдықтың тойға дайындығы

1
2337
тойға дайындық

Ер адам болғанның бір жақсы жері – тойға шашыңды бір тарап, сақалыңда алып, жаңа костюм мен жылтыр аяқ киімді киіпҚалыңдық дайындығы алып керемет күйеу жігіт шыға келесің. Ал қыз болсаң, онда тойға кемінде 3 ай бұрын дайындалған жақсы, әрине сол күні “ең әдемі қалыңдық” болам деген арманың болса.

Сонымен, аяқ қолыңды дірілдетіп, жүрегің аузыңа келіп тірелетін күн, яғни құда түсу күні өтті,  құлағыңа алтыннан әдемі сырға тағылды, енді сүйікті де сүйкімді жігітіңнің заң жүзінде сүйікті және сүйкімді күйеу атанатын күн де белгіленіп, тағатсыздана күте бастайсың. Күтіп, арманға беріліп, ойша бәрін жоспарлаған әрине керемет, бірақ, бәрі шынымен де армандағаныңдай болсын десең, шамалы еңбектену керек екенін есте сақтау керек.

НЕДЕН БАСТАУ КЕРЕК?

Неден бастау керек екенін әркім өзі шешеді. Біреу көйлегін әзірлеп әлек, біреу фитнесс залда күнімен түнімен терлеп,неден бастау керек? тепшіп, артық салмақ айдайды, енді біреу солярийге барып, ақ қыздан қара қызға айналып жатады. Кімде қандай проблема бар, соны шешуге кірісетін уақыт. Тойға үш ай қалғанда арықтауға, жаңа бір шаш үлгісін жасап көруге, жасанды тырнақ жасап көруге болады. Ұнамаса, алдыңда біршама уақыт бар, бәрін де қаз қалпына келтіретін мүмкіндік шектеусіз.

ЕКІ АЙДАН КЕЙІН ТОЙ!

Екі ай да аз уақыт емес. Бұл кезде той көйлегін таңдап, егер арықтайтын болсаң, онда корсеті бар көйлекке назар аударып, ең бақытты күнге қызу дайындыққа көшу керек.  Той күні еш бір бөтен зат: қалыңдықтың букеті, макияжы мен шаш сәні, көйлегі мен залдың безендірілуі, қонақтар тізімі мен олармен байланысты мәселелер мазаламасын десең, осы екі айда біраз терлеу керек.

Қандай гүл шоғын ұстағың келеді? Қандай түстер мен стильде зал безендірілуі керек? Қонақтар қалай отырады, ас мәзірінде не болу керек және маңызды бір деталь: шақыру қағаздары жайлы ұмытпау керек. Мұның бәрі маңызды, сол себеп кейде қалыңдықтың өзінің қатысуын талап етеді. (Ер жігіттерге қызыл мен алқызыл арасында айырмашылық жоқ, сол себеп, оларға үміт артуға болмайды).

ӘДЕМІЛІККЕ ҚАДАМ ЖАСАУ.

әдемілікке қадам жасауЕкі ай бұрын сұлулық салоны мен мастер таңдап алған жөн. Өйткені, сіздің шашыңызды әдемілейтін, бетіңізді бояйтын, денеңізді сәндейтін адамдар өте маңызды. Қымбат салон – жақсы салон деген ойдан аулақ болған жөн. Кейде қарапайым ғана шаштараздың өзі кереметтей мастер болуы мүмкін. Туған туыс, таныс достарыңыздан ақпарат алып, осы болады-ау деген салонға жолығып, алғашқы шаш сәнін, макияж мен маникюр, депиляция жасап көруге болады.

ТОЙҒА БІР АЙ ҚАЛДЫ!

Той күні (ұзату күні) жақындап қалғанын жүйкелері тозып кеткен жақындарыңнан байқасаң болады. Анаң жүреді әр нәрсеге алаң боп, әкең жүреді қабағы ашылмай, ал сүйіктіңмен қарым-қатынас не супермегакеремет не болмаса (көп жағдайда) ушығып кетеді. Бәрі де шаршап, болдырап жүреді.  Осы кезде тойда болатын шашыңды, киімің мен макияжың жайлы мәселелрді шешіп, салон таңдалып (осы жерде бір кеңес: қосымша бір мастерді таңдап қойған жөн. форс мажор болған жағдайда, шешім дайын тұру керек), тек сыртқы дайындық керек.

ОЛ: бетті тазалау, депиляция, педикюр, массаж және анда санда пустырник ішіп тұру. Той күні жүйкесі тозған, нервный қалыңдық әдемі боп көрінбейді.

ТОЙ КҮНІ! АЛАҚАЙ!

Міне, көптен күткен күн де келді. Көйлегің күтіп тұр, денең шымыр, көңіл күй көтеріңкі. ЕҢ алдымен маникюр мен педикюр жасатып, шашыңды жинап, соңында ғана макияж жасауға кірісу керек. Өйткені, осының ішінде тез түзетуге болатын макияж) (Макияж жайлы бір кеңес: жақсы визажист мейілінше қарапайым, табиғи мэйк ап жасауға кеңес береді, әрине, егер сен ПАНКтің немесе ЭМО жігіттің қалыңдығы болмасаң). Макияж жасағанда, алдыңғы “сынама” нәтижесінде өзіңнің косметичкаңда да мастер қолданған косметика тондары болу керек. Міндетті түрде далап, пудра, майлы беттің жылтырын кетіретін сүлгілер (шишейдода бар), тушь болуы керек.

Тап осы сәттен бастап ең бақытты күнің бастау алып, өміріңде ең әдемі болып жүретін күнің келді деуге болады!

Айжан Табын

1 пікір

Пікір қосу