Қалыңдық жасауы: астау

3
5175
ағаш ет табақ

Қазіргі күні қыз жасауына ерекшелік ретінде ұлттық өрнекте жасалған заттарды беру сәнге айналып келеді. Бұл үрдіс бәрімізді қуантары анық, бір жағынан ұлттық өнеріміз қайта жанданып жатса, бір жағынан ата-бабаларымыз қолданған заттар қайта қолданысқа еніп келеді. Бүгінгі күні қыз жасауына құрақ көрпелермен қоса ұлттық нақышта жасалған астауларды (ағаштан жасалған ет табақтарды) қыз артынан жасау кең етек алып келеді.

астау

Астау— қазақтың ұлттық асы бешбармақ тағамын тартатын ұлттық ыдыс. Астаудың кәдімгі ет тартатын шыны, темір табақтардан ерекшелігі бешбармақтың тез суып (тоңып) кетпеуінде. Әрі табиғи ағаштан жасалғандықтан табақ қауіпсіз, әрі өрнектеліп жасалған астау сіздің дастарханыңызға ерекше әдемілік беріп тұрады.

Бүгін біз сіздерді осындай ұлттық өнерімізді дәріптеуші, астау жасаушы шебермен таныстырмақпыз. Бекжан Құралбайұлы Жұртбай өзінің жастығына қарамастан осы бір өнерді дамытып келе жатқан шеберлердің бірі.Бекжан

Біз, астауларды, яғни бешбармаққа арналған ет табақтарды көбіне жаңғақ ағашынан жасаймыз. Жаңғақ ағашы өте қатты ағаш, әрі ол ыстыққа да суыққа да өте төзімді. Біз астауларды көбіне 30х60 см размерінде шығарамыз.

Бүтін бір ағашты астауларды ойып алғандықтан біз ешқандай кілей, жабыстырғыш, біріктіргіш материалдар қолданбаймыз. Себебі олар ыстыққа төзімсіз келеді, әрі адам организіміне зиян. Сондықтан табиғи ағаштан жасалған түрінде ұсынамыз.

Астаудың сырты жууға ыңғайлы әрі әдемі көрінуі үшін сыртын лактап, оюлап әрлейміз. Ал іш жағын малдың іш майлары мен су май (пісте маймен) майлап қоямыз. Әрі әрбір үй ханшайымдарына айтар кеңесіміз: астауды жуғаннан кейін әбден кептіріп барып ішін майлап қойыңыз! Сонда ол жақсы сақталады, әрі әдемілігін жоғалтпайды.

ет табақ

Тапсырыс берушінің қалауына қарай астаулардың көлемін, формасын, тереңдігін, ою-өрнегін өзгертіп жасап беруге болады. Кейде тіпті жасайтын ағашына шейін таңдап айтатын кездер болады. Біз барлық талаптарды ескеріп жасап беруге тырысамыз. Біз астаумен бірге ағаштан жасалатын басқа да бұйымдар жасаймыз, мысалы, бесік, сандық, ағаш сағаттар, асадал. Бәрі қазақы оюлармен ойылып жасалады.

Бекжанға тапсырыс бергісі келгендер үшін: 

Әлеуметтік желідегі парақшасы: vk.com немесе bekjan2988@mail.ru поштасы арқылы хабарласа аласыз.

Байланыс телефоны:  +7 707 1757999

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Сайн көшесі 42 а  (Қазақстанның кез-келген қаласынан тапсырыс қабылданады.)

3 Пікір

Пікір қосу