Күйеу аяқ (ыңыршақ көру)

0
1812
күйеу аяқ

Қазақ салтында қызын ұзатып әкелген жолы енесі қайтарда оны күйеу жігіт (күйеу баласы) міндетті түрде ауылына апарып салады. Міне, бұл «ыңыршақ көру» деп аталады. Кей жерде «күйеу аяқ» дейді.

Күйеу жігіттің «ыңыршақ көру» жолына ата-енесі ерекше мә береді, яғни, әл-ауқаттарына қарай ат міндіріп, шапан кигізіп, тіпті, сауындық, сойыстық мал айдатады. Бұл-ата-ененің күйеу баласына деген ата-аналық мейірім-шапағаты. Жортқанда жолы болсын, басқан қадамы құтты, отбасы бай-бақытты болсын деген ізгі тілектерінің айғағы.

Бұл салт-күйеу бала мен ата-ене арасындағы сүйіспеншілікті одан ары тереңдетеді. Барыс- келіс, алыс-берістерін жиілетіп, жүректеріне шынайы ата-балалық сезім ұялатады. Түсіністік, сыйластық , сырластық сезімдерін терендетеді.

Келінді отқа шақыру

Келін түсіп «құтты болсын» айта келген адамдардың аяғы саябырлай бастағанда, жігіт ауылындағы туыс-туған, көрші-қоландары келінге өздерінің от жаққан жерін көрсетіп, үлкен-кіші бала-шағаларымен таныстырып, бұдан кейін барып-келіп,алып-беріп тұруына қолайлы болу үшін, бірінен соң бірі қонаққа шақырады. Міне, бұл «келінді отқа шақыру»деп аталады.

Ілу салу

Қазақ салтында жаңа түскен келінді жігіттің жақын туыс-туғандары түгел отқа шақырып, арнаулы мал сойып ерекше күтеді. Сонымен бірге, келінің төркінінен келген (естелік болуға татиды-ау деген) бір бағалы затын қалап, оны «ілуге сал» (отқа салу) деп базына айтатын дағды бар. Сондықтан да, көңілдері жақын, алыс-беріс, барыс-келістері жиі, бір-біріне өткен өтісі бар туыстары мен үлкен шаңырақты ұстап отырған туыстары мен үлкен шаңырақты ұстап отырған туыстары келінді отқа шақыруға барғанда: «келінің төркінінен келген пәлен затын қаладық , соны «ілуге салсын» (отқа салсын) деп қалауын айтып кетеді. Енесі келінімен ақылдасып, шақырған адамның «ілуге сал» деп сұраған затын беруге лайық деп тапса, онда келін оны апарып береді. Ал, оны жөн көрмес, басқа бір лайықты зат апарады. Міне, бұл «ілу салу» (отқа салу) деп аталады.

Салт бойынша, жаңа түскен келін өзін отқа шақырғандар «ілу сал» деп бір затын мейлі қолқаласын, шақырған отбасына өз жағдайына қарай «ілу салады», ешқашан құры қол болмайды. Қалайда, жасауынан бір зат алып бару шарт.

«Ілу салу» туыстар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, сүйіспеншіліктерін арттырады. Алыс-беріс, барыс-келістерін жиілетудің дәнекері болады. Жас келінді көпшіл, қолы ашық жомарт, кеңпейіл кешірімді болуға дағдыландырады. Дүниеқорлықтан, өзімшілдіктен арылтып, кеңпейіл, кешірімді, ақ көңіл, ашық-жарқын, қонақшыл болуға баулиды.

Пікір жоқ

Пікір қосу