Көкеністерді қыста сақтау кеңестер

Күз айы келді. Жаздай баптап өсірген көкеністердің жинайтын науқаны. Сол жинаған көкеністерді қысқа қалай сақтау керек екенін көптеген жас келіндер біле бермейді. Ендеше, сол жас келіндерге көкеністердің қыста сақталуы жайлы пайдалы кеңестерімізді ұсынамыз.

Картопты қыста сақтау

Оны құрғақ, салқын, қараңғы жерде сақтау керек. Ең дұрысы жертөле немесе азық сақтайтын салқын қойма болуы керек. Егер іші дымқыл, жылылау болса, арнайы шұңқыр, қазуы керек. Оны ауланың биіктеу, құрғақ жерін таңдап, тереңдігі 60см ден, 1,5 м ге дейін қазуы керек.

Картопты көміп, үстінен міндетті түрде тақтай төсейді. Үстіне оның бір қабат құрғақ топырақ төсеп, сыртынан жарты метрдей сабаннан немесе жылуды нашар өткізетін кез келген материалмен жабады. Шұңқырға ауа өткізіп тұратын пластик түтік қойып, оның шұңқырдың түбіне дейін барғаны дұрыс. Ол ауа өткізіп, желдетіп тұру үшін керек. Бұны қолданған амалды картоп көктемге дейін сақталады.

Сәбізді қыста сақтау

Түрлі тәсілдерменде сақтауға болады. Сәбізді балшыққа батырып, кептіріп сақтаса, көктемге дейін егістіктен енді жаңа жұлындандай болып көрінеді. Әр сәбізді балшыққа біртіндеп батыру онай емес.

Жер төленің немесе салқын қойманың бір бұрышына қалыңдығы 5см болып етіп құм төсеп, үстіне сәбіздерді өзара жанаспайтындай етіп қойып, үстінен құм төсеп, үстіне тағы сәбіздерді саласыз. Осылай сәбіздерді араластырып бірнеше рет қабат- қабат сақтайсыз.

Алмаларды қыста сақтау

Сақталатын алма ұрылмаған болуы керек. Пісе қоймаған алманы сақтау, дәмі болмай қалады. Ал тым ұзақ пісіп кеткен алма ұзақ сақталынбайды. Алманы  ағаш жәшіктерге салып, әрқайсысын жеке жеке қағазға орап сақтау керек. Алмаларды тез қарап, арасынан бұзылғандарын теріп, отыру керек. Сорттап жылы жерге кіргізуге болмайды.

Сақтаған жерде сорттаған дұрыс. Әр қағазды ашып, тексеріп отыру да оңай емес. Оны пакетке салып сақтауға да болады. Пакеттің сапалысын таңдап, әрқайсысына бес алтаудан артық салмайсыз. Оның бәрін ашып, әуре болмайсыз.

Қызанақты қыста сақтау

Бөлме температурасында 3 күннен артық сақтаға жарамайды. Тоңазытқышқа салсаңыз, 2 апта өткен соңн жарамсыз болады. Сақталынатын қызанақтың көгін емес, сүт секілді реңіне енді пісіп келе жатқанын тандау керек. Сабағымен алған дұрыс. 12 градус жылылықта сақтаған ыңғайлы. Егер одан жылы болса, тез мерзімінен пісіп, жетіледі. Ал одан төмендеу болса, піспек түгілі жарамсыз болады.

Сақталынатын жерде ауа-райы жақсы болуы керек. Еспе жел жақсы өтетін дәліз  секілді немесе жақсы жасалынған ұраларда  сақтаған дұрыс. Полиэтилен пакетте сақтамаған жөн. Майда қызанақтар өте жақсы сақталынып, піседі.

Оставьте комментарий