Жұлдызды жаңалықтар

0
1422

Меган Фокстың тағы да аяғы ауыр. «Трансформер», «Дженнифер денесі»  киносының жұлдызы, әлемнің ең әдемі әйелінің бірі Меган Фокстың екінші балаға аяғы ауыр.

Megan Fox

Бірінші баласының әлі жасқа толмағананын ескерсек, Меган Фокс ана болудың бақытын жете сезінгендей. Күйеуі Брайн Остин Грин екеуі бұл жаңалықты қуана бөлісті, Меганның агенті де: «Меганның аяғы екінші балаға ауыр, мен мұны растаймын» деді.

Күйеуі актер Брайн Остин Грин екеуі 2010 жылдың 24 маусымында теңіз жағасында үйленген болатын және Брайнның бірінші некесінен туған Кассиус атты ұлында тәрбиелеп келеді.

197973

Кристина Асмус пен Гарик Харламов үйленбекші. «Интерны» сериалының жұлдызы ресейлік актриса Кристина Асмус «ComedyClab» телешоу жұлдызы Гарик Харламовқа күйеуге шығатынын мәлемдеді. Актрисаның өзі әлеуметтік желіде жазғандай: «мен ауырып қалдым, сол кезде Гарик мені күттіп-баптап жазылуыма көп көмек етті. Сол күні ол маған күйеуге шығуға ұсыныс жасады, мен әрине келістім» деді. Бұл екі жұлдыз үйлену үшін алдымен Гарик Харламовқа бірінші әйелі Юлия Лещенкомен ажырасуы керек. Әзірге екеуі бірге тұрып, бірге сериалға түсуде. Ресейлік басылымдардың жазуы бойынша, Асмустың аяғы ауыр сияқты. Бірақ, әзірше бұл жаңалыққа қатысты жұлдыздар ешқандай түсіндірме бермеді.

кел үйленейік

«Кел үйленейік» бағдарламасының қатысушылары қызды болды. «Кел үйленейік» қазақстандық бағдарламасының қатысушылары қызды болды. Бұл жайында КТК арнасының жаңалықтарында хабарлады. Осыдан бір жыл бұрын қатысқан Александр мен Ирина қызды болды. Бағдарламаға қатысқаннан кейін, бір аптадан кейін үйленген жұптар қыздарына Светлана есімін берді.

«Кел үйленейік» бағдарламасы әлемнің бір қатар елдерінде жұптарын табуға көмектесіп келе жатқан сәтті бағдарламалардың бірі. Бағдарлама КТК арнасында, орыс тілінде жүреді. Бағдарлама жүргізушісі әнші Айгүл Бабаева.

Пікір жоқ

Пікір қосу