My Weblog: kutahya web tasarim umraniye elektrikci uskudar elektrikci umraniye elektrikci istanbul elektrikci satis egitimi cekmekoy elektrikci uskudar kornis montaj umraniye kornis montaj atasehir elektrikci beykoz elektrikci

Қыз ұзату тойы біткен соң, қыздың ата аналары қызына жасап берген жасауларын буып түймей тұрып, бас құда мен құдағиғаларына « қыз жасауын» көрсетеді. Міне бұл «жасау көрсету» делінеді. Жасауды көрген құда -құдағилар ризалықтарын білдіріп, жасау көрімдігін береді. Қыздың ата -анасы оларға ат міндіріп, кит кидіреді. Сондай -ақ болашақ отаудың көш көлігі мен сойыс, сауынына атаған малдарын береді. Әдетте ұзатылған қызға сойысты ауқатты адамдар бір жылына жетерліктей береді. Ал қолы қысқа адамдар болса, барымен базарлап, «орамал тон болмайды, жол болады» деген халық даналығына жүгінеді.

Ертеде ұзатылған қыздар әке малынан әр түліктен «мал құты» есептелетін бір- бір мал жасау, қыз жасауы, көрпе, қыз ұзату, құрақ көрпе, төсек жабдығынемесе бір тузу мылтық немесе берен сауыт қалайтын дәстүр болған және қызы  қалаған қимас заты болса да ата- анасы қызының көңілін қимай берген.

жасау, қыз жасауы, көрпе, қыз ұзату, құрақ көрпе, төсек жабдығы, той, қазақ тойы

«Жасау көрсету» қыз ата -анасының «алғанды ғана біліп, бергенді білмейтін дүние қоңыз, сараң емеспіз, қызымыздан еш нәрсемізді аямаймыз» деп ақ жүрегін құдалар алдына жайып салуы. Бұл салт адамдар әсіресе, құда- құдағилар арасындағы татулық пен береке бірлікті, достық сүйіспеншілікті арттырады. Әр түрлі пенделік ұсақ есепқорлықтан артылады. Қызының қалаған нәрсесін қақпай беру ата ана перзенті арасындағы сүйіспеншілікті одан да тереңдетіп, ұзатылған қыздың рухани жақтан жасымай, заттық жақтан қиналмай, барған жерінде  бай бақытты, қам -қайғысыз тұрмыс өткізуіне мүмкіндік жасайды.

1 пікір

Пікір қосу