Жас жұбайларға ана тілегі

0
8460

Табыстырып махаббат –алау, жалын,

Орындапты  екі жас пәк арманын.

Біріңді — бірің сүйіп, отау құрдың,

Құтты болсын алғашқы қадамдарың.

Өмір – керуен,

Әлі алда бақ сынар күн,

Көріңдер қасынан жақсылардың.

Ақ батамды беремін қос ботама,

Бір құдай мен құдама тапсырамын.

Сарқылмасын сыйластық, сіз — бізіміз,

Қуанышсыз өтпесін бір күніміз.

Ұяда ұл –  өрбіп өнегелі,

Жарқырай берсін бақыт- жұлдызымыз.

Жүрмейді ешқашанда жүрекке  әмір,

Мәңгілік екі жасты бір ет, тәңір!

Түтіні түзу өрлеп жас отаудың,

Болсыншы біздер айтқан тілек қабыл!

Пікір жоқ

Пікір қосу