Жас жұбайлар жыры жырлансын әр тойда

0
2182

[box type=»shadow»]

         Екі жастың отау құру салтанатты тойының сәнін келтіріетін бірден — бір ән – «Той жыры«. «Той жырын» білмейтін ән сүйер қауым жоқ шығар.  Әйгілі “Дос­Мұқасанның” “Той жырынан” кейін бүкіл қазақтың жүрегін тербеген Жас жұбайлар жыры әні дүниеге келгенде шаңырақ көтерген жұптың алды бүгінде қыз ұзатып, келін түсіріп отыр. Дәлірек  айтсақ, бұл туынды 1985 жылы дүниеге келген.

 «Жас жұбайлар жыры» әнінің шығу тарихына тоқтала кетсек. Кез келген шығарманың шығу тарихы болады десек, “Жас жұбайлар жырының” өмірге келуі де өз алдына бір қызық екен. Осы әнді алғаш орындаған Дос-Мұқасан ансамблі. Өңкей бойдақ жігіттерден тұратын топ мүшелерінің ішінде алғашқы болып Мұрат Құсайынов  ағамыз отау құрыпты. Сол тойға жігіттер екі жасқа тарту етіп орындаған екен. Бірнеше күн той тойлағаннан кейін,   топ мүшелері Алматыға келсе, қаладағы әрбір жас осы әнді айтып хит болып жүр екен.  Сол кезде танымал болған ән әлі танымалдылығын жоғалтпады. Қазіргі күннің өзінде бірде-бір «Той жырысыз» өтпейтініне бәріміз куәміз.
той әні, той жыры, үйлену той, Дос мұқасан, Жас жұбайлар әні

Той жыры

Әнін жазған: Досым Сүлеев

Сөзін жазған: Ұлықпан Сыдықов

Махаббаттың құдірет күші әлдилеп,
Екі жастың табыстырған жүрегін.
Жастық жалын, асыл арман, ақ ниет,
Бақыт сыйлап ұсыныпты гүлдерін.

Қайырмасы:

Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер,
Жас жұбайлар шат күліңдер, шат күліңдер!
Ән салайық би билейік, би билейік,
Шарықтасын шаттық үндер, шаттық үндер!

Бірге аттанып болашаққа, өмірге,
Тікті бүгін ортамызға отауын.
Қуаныш пен шаттық орнап көңілге,
Тойламаққа келді бүгін көп қауым.

Қайырмасы:

Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер,
Жас жұбайлар шат күліңдер, шат күліңдер!
Ән салайық би билейік, би билейік,
Шарықтасын шаттық үндер, шаттық үндер!

Жас шаңырақ болсын бақыт бесігі,
Жас жұбайлар, құтты болсын тойларың.
Кең ашылсын болашақтың есігі,
Орындалсын арман, тілек, ойларың.

Қайырмасы:

Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер,
Жас жұбайлар шат күліңдер, шат күліңдер!
Ән салайық би билейік, би билейік,
Шарықтасын шаттық үндер, шаттық үндер!

Пікір жоқ

Пікір қосу