Хюррем Сұлтан ана атанды

0
1674
Хюррем ана атанды

«Тамаша ғасыр/Сүлеймен сұлтан» атты танымал түрік сериалындағы Хюррем (Роксалана) ролін сомдаушы Мерьем Узерли 10- ақпан күні Лара Узерли  есімді қызды өмірге әкеліп ана атанды. Бұл жайында жұлдыз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы хабарлады, кішкентай қызының суретін салып  ол былай деп жазды:

Хюремнің қызы

«Мына өмірге қош келдің, менің қымбатты қызым Лара Узерли. Сен сыйлаған Аллаға мыңда бір рахмет айтамын, сен мына өмірге аман-есен келдің. Сенің бірінші күніңнен бастап сені қарап-өсіре алатын күшімнің барлығы үшін де Аллаға рахметімді айтамын. Мені қолдаған достарыма, құрбыларыма көп рахметімді айтамын. Сіздердің ақ пейілдеріңіз бен махаббаттарыңызды арқасында мен аман-есен ана атандым.»

Мерьем Узерлидың қызының әкесі Туркияның танымал бизнесмені- Джан Атеш. Джан Атеш, Мерьемнің аяғыныңауыр екенін біліп араларындағы қарым-қатынасты үзген болатын. Мерьем ішіндегі баласынан бас тартпайтынын айтып, жалғыз басты ана болуға дайын екенін мойындаған. Аяғы ауыр Мерьем,  «Сүлеймен сұлтан» сериалының соңғы бөліміне түсуден бас тартқан болатын.

Джан Атеш пен Мерьем Узерли

Біраз уақыт өткеннен кейін  бизнесмен Джан Атеш өзінің қателік жібергенін айтып, қызына өзінің атын беретін мәлімдеген болатын, алайда Мерьем қызына өзінің тегін берген.

Қазір жаңа ана атанған жұлдыз бен оның қызы ауруханада. Көп уақыт өтпей, Мерьем жаңа сериалдағы ролімен өз көрермендерімен қайта қауышатыны белгілі болды.

Неке.кз сайты өмірге жаңа келген сәбиге ұзақ ғұмыр тілейді!

Пікір жоқ

Пікір қосу