Холодец жасау

0
3857
холодец мәзірі

Қазір соғым кезі болғандықтан да соғым сойған кезде не дайындаймын деген аруларға арнап холодец мәзірін ұсынбақпыз. Холодец — ет сорпасына ет қосылып жасалған тіске басар.

Холодецке керек заттар

1. соғымға сойылған үлкен малдың басы немесе сирақтары

2. сәбіз 2-3 шт

3. сарымсақ 2-3 шт

4. тұз, бұрыш

5. су

Соғымға сойылған үлкен малдың басын немесе сирақтарын 2-3 сағаттан аса баяу отта пісіріп аламызда етін сүйектерінен ажыратып ет өткізгіштен (мясорубка) сәбіз бен сарымсақты қосып өткізіп араласытырып алып, отқа бір бұрқ еткізіп аламыз. Сорпаның тұзын татып көреміз, тұзы қалыпты болса тұз салып қажеті жоқ. Суымай тұрып жалпақ ыдысқа құйып жаймалап салқын жерге шығарып қоямыз. Болды тойымды, әрі дәмді тіске басар дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Пікір жоқ

Пікір қосу