Хайди Клум мен Сил ресми түрде ажырасты

0
945
Хайди Клум мен Сил ресми ажырасты

Осыдан екі жыл алдын Хайди Клум мен Сил ажырасу ниетінде екендіктерін көпшілік алдында жариялаған болатын.  Содан кейін ажырасу жұмыстары басталған болатын. Сонымен, екі жылға созылған ажырасу ісі 14- қазан күні іске асып, 16- қазан күні бұл жаңалықтың растығын бүкіл әлемге мәлімдеді.

Хайди Клум мен Сил

 2005 жылы отау құрған танымал тұлғалар шоу-бизнестің ең үлгілі жанұяларынан бірі саналатын. 41 жастағы топ модель Хайди Клум және 51 жастағы әнші Сил бірге өткен бақытты күндерін естен шығармайтындықтарын және балалары тәрбиесімен бірге шұғылданатындарын білдірген…

Естеріңізге сала кетсек, Хайди Клум мен Силдың ортақ бір ұл екі қызы бар, Хайди Клумның Силға тұрмысқа шыққанға дейін бір қызы болған, бірақ кейін Сил  Хеленді өз атына жаздырып алды. 

Дайындаған: Алданов Қожакелді  

Пікір жоқ

Пікір қосу