Ханзада Гарри келесі жылы үйленеді

0
805
Ханзада Гарри үйленеді

The Telegraph баспасының хабарлауы бойынша, Гарри ханзада мен Крессида Бонэ келесі жылы шаңырақ көтереді. Ханзада Гарри өзінің сүйген қызы Крессидаға үйленгісі келетінін бұрында айтқан болатын.

Ханзада Гарри

Осы уақытқа шейін той Крессиданың қорқынышына байланысты кейінге шегеріліп келген болатын. Біріншіден әлі жас екенін алға тартса, екіншіден патша отбасының келіні болуға дайындығының аздығын айтқан еді. Енді міне жас ару өз қорқыныштарын жеңсе керек…

Келесі жылы 30 жасқа толатын ханзада Гарри тек үйленіп қана қоймай тезірек әке болғысы келетінін де жасырмайды. Сондықтан да, тойларының тезірек өткенін қалап жүр екен.

Ханзада Гарри мен Крессида Бонэні 2012 жылдың мамыр айында Евгения ханшайым таныстырған болатын. 24 жасар Крессида ханзадаға бір көргеннен ұнаған.

2013 жылдың аяғына қарай ханзада Гарри мен Крессида Бонэнің атастырылу салтанаты өтеді.

Пікір жоқ

Пікір қосу