Гүл сыйлай білесіз бе?

3
3067

Бүкіл халқымыз боп тойлайтын ұлы мерекелерімізбен қатар әр адамның ерекше есте қалар  – перзентханадан сәбиді алып шыққанда, алғаш мектеп есігін ашқанда, мектеп бітіру кешінде, әскер қатарына алынғанда, қайтарда, жоғару оқу орнына түскенде, диплом алған сәтте, үйлену, әр жыл сайынғы туған күн кештерінде  т.б салтанатты сәттерін гүлсіз елестету қиын. Гүл сыйлау арқылы адамдар бір-біріне деген жақындықты, шынайы сезімдерді, достықты, мерейлі сәтіне деген қуанышты, бар жақсылықты тілейтінімізді білеміз.

Әр жағдайда әр түрлі гүл ұсынылады. Осыны мұқият ескерген жөн. Гүлді үлкенге де,3h6cYXf-Cmw кішіге  де, замандасына да, мемлекет, қоғам қайраткеріне де, тамаша өнермен тәнті еткен өнер иелеріне де ұсынамыз. Қандай гүлді кімге, қалай сыйға тарту алдымен оның есебіне байланысты. Жігіт өзі гүл сыйлағысы келетін қыздың қандай гүл ұнататын, қандай гүлден аллергиясы бар екенін біліп алу керек. Сонымен қатар саны да ұлкен мән беріледі. Тұмыс құрмаған қыздарға көбіне бүрі толық ашылмаған гүл сыйлауға тырысу керек. Қайда қашан қалыптасқаны белгісіз гүл сыйлауда бұрыннан келе жатқан бір қағида бар  «тақ санды гүл сыйлау» деген. Бір тал раушан гүлін сыйлау арқылы сен ол аруға өзіңнің өміріңдегі, жүрегіңдегі жалғыз жан өзі екенін білдіре аласың. Тағы бір ескертетін жайт, қызға себеттегі гүл сыйламау керек.

Гүлдерді бір бірімен араластырып қою әр түрлі мақсатпен жасалады. Мысалы: лилия гүліне гипсофила бұтақшасын қосу арқылы нәзіктік беріледі. Ал қалампыр гүліне аспарагус қосса, жасыл түспен араласқан гүл әрі әдемі, әрі нәзік болып көрінеді. Гүл шоқтарын көбіне қызыл гүлмен жасайды. Ол ерекше көңіл күй сыйлайды. Туған күнге апарытын гүлді жастар көлемін шағын етіп апарған жөн. Әрі жинақы, әрі көңілді сергітіп тұрады.

buketnevesti68Үлкен талғамды қажет ететін гүлдесте – қалыңдық гүлі. Қалыңдық гүлі киген әшекей сәнділігіне айналу қажет. Гүл қалыңдық сәні, қалыңдыққа арналған гүл десте ақ және алқызыл гүлдерден жасалады: раушаннан, қалампырдан, қалладан, қызғалдақтан, т.б. Гүлдесте бес немесе тоғыз талдан тұрады. Сыртынан ақ немесе ақшыл көк түсті лентамен байланады. Гүлдесте әрі үстауға ыңғайлы, әрі киген киімдерімен үндестік тапқан жөн.butonerka_3

Ал күйеу жігітке киімінің жағасына немесе түйменің ілгегіне тағылған гүл немесе шоқ гүлін  (бутоньер) дайындайды. Оны пиджактың сол жақ жағасының қайырмасына тігіп қояды. Бүл гүл мүмкіндігінше қалыңдықтың көйлегімен үндестік тапқаны жөн.

3 Пікір

  1. Қанша жерден оқығанмен естен шығып кетед осы кеңестер. Керек болғанда абдырап, сатушының айтқан гүлін ала саласың

Пікір қосу