Грек-рим күрескері Алмат Кебіспаев отау құрды

2
1447
Алмат Кебіспаев үйленді

Қазақстандық кәсіпқой грек-рим күрескерінің өмірінде  үлкен өзгеріс болды.

25 жасар қазақстандық грек-рим күрескері Алмат Кебіспаев үйленді, деп Kazakhstan Wrestling Online-нің вконтактідегі тобы хабарлады.

Білуімізше күрескердің таңдауы 18 жасар Айжан есімді аруға түскен. Күрескердің жары да спортшы, Степногорск қаласының тумасы. Оның ішінде жүзумен айналысып, олимпиадалық резерв мектебін тамамдаған. Алмат Кебіспаев үйленді

Үйлену тойы қазан айының басында Кебіспаевтың туған жері Шығыс Қазақстан облысы Үржар қаласында өткен. Той салтанатында Қазақстан құрамасының мүшелері болды, атап айтсақ Нұрмахан Тыналиев және басқа да спортшылар қонақ болды.

Алмат Кебіспаев кәсіпқой грек-рим күресшісі. Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, 60кг дейінгі салмақта 2009 жылғы Азия Чемпионатының күміс жүлде иегері, 2011 жылғы Азия Чемпионатының жеңімпазы, Иван Поддубный атындағы Гран-При жеңімпазы, Мәскеуде өткен Әлем Чемпионатының қола жүлде және Стамбұлда өткен Әлем Чемпионатының күміс жүлде иегері. Қазақстан Республикасының қызмет көрсеткен спорт шебері. Осы жылы Кебіспаев Қазан қаласында өткен Универсиада жеңімпазы, сонымен қатар, Будапеште өткен әлем чемпионатына қатысты.

Айта кетер болсақ, осы жылы еліміздің бірнеше спорт саңлақтары шаңырақ көтеріп, отбасылы болды. Олар олимпида жеңімпаздары Майя Манеза, Светлана Подопедова және Зульфия Чиншалло. Сондай-ақ қыркүйек айында штангист Кирил Павловта өз жартысын тауып, үйленген еді.

2 Пікір

Пікір қосу