Тартылған еттен тамақ түрлері: голубцы

4
8659
Тартылған ет тамақ түрлері

Кез келген ер адам  етті тамақты ұнатады, етсіз тамақты тамақ санамайтын ер адамдар өте көп. Етті ұнатады екен деп, күнде бешпармақ жасап бере алмайсыз ғой. Сондықтан сіздерге біз бүгн капуста ішіне салма салып жасалатын тамақ түрін ұсынамыз. Яғни голубцы тамағын.  Дайындауға бар-жоғы 30 минут уақыт кетеді.

Алдымен тартылған етті алып өзіңіз қалауыңызша пияз, перец, көк шөп қосасыз. Күрішті бір шынысын жуып тазалап алып ыстық суға алдын ала бұқтырып қоясыз. Етке тұз, дәмдеуіштер қосып күрішті қосып аралстырасыз.

голубцы 

Капуста жақсы оралу үшін, қабаттарын ажыратып ыстық суға 10 минуттай салып қоясыз. Тіпті морозильникке салып біраз үсітіп алып ыстық суға салсаңыз капуста айтқаныңызға көнетін болады.

голубцы

Күріш қосылған етті бір бір капуста жапырақтарына ақырын орап мантоваркаға манты тізгендейғып тізіп саласыз. Суын алдын ала қайнатып, бір сағаттай буда пісіресіз.

голубцы

Ет салынған капусталарымыз піскенше үстіне қима (сәй) дайындауға болады. Қимаға қалайуыңызша көк шөптің бәрін қосуға болады. Скавордкаға аздап қуырып үстіне аздап су құйып қайнатып аласыз.

қима дайындау

Дайын болған ет салынған капустаңызды шұңғыл табаққа үстіне қима мен сорпасынан құйып берсеңіз болады.

Тартылған ет тамақ түрлері

Астарыңыз дәмді болсын! Күйеулеріңіз сізді керемет аспаз ретінде тани білсін! 

4 Пікір

  1. Маған басқа керек Америка немесе басқа танымал тағамдар мынау не бұл тағамды барлығы біледі оны менің әжем істей алады мынау не өзі

Пікір қосу