Ғасыр тойы

1
1475

svadva_veka_51981 жылдың 21- шілдесінде 600 мыңнан астам адам Лондондағы Букингем сарайы және Кларенс-Хаус пен әулие Павл шіркеуінің арасын жалғап әлемдегі ең үлкен тойды өз көздерімен көруге жиналды. Бұл жиналғандардың бәрі Диана ханшайым мен Чарльз ханзаданың үйлену тойын көруге жиналғандар еді. Бұл тойды тек Британдықтар емес, әлем бойынша 750 миллион адам телеэкран арқылы тікелей бақылап отырды.

Әлемнің бәрінің көзі Диана ханшайымның көйлегінде болды.
Princess DianaPrince CharlesҚандай ерекшелікпен тігіліп бағасы қанша болуы мүмкін деген ой мазалады. Диана ханшайым таңдауы атақты Эмануель ұсынған мыңдаған гауһар мен алтын  тігілген ақ көйлегін таңдады. Ал басына Спенсерлердің ұрпақтан- ұрпаққа келе жатқан қымбат тиараны киді. Көйлек жоғалып кетуі мүмкін деген оймен көйлектің екі қосымша данасы жасалған болатын. Бірақ, олардың қажеті шамалы болды. Көйлектің ең соңғы гауһа р тастары ханшайым көйлекті таңертең киген кезде тігілді. Көйлектің шлейфінің өзі 40 метр болды.

Сағат 10 дар шамасында тойдың өту рәсімі басталды. Сәнделген ұзын көше бойымен королева Элизавета мен Филилл ханзада бастаған үйлену көші жүріп өтті. Сағат 11  лер де Диана ханшайымды әулие Павл саборына алып кірді. Ханшайымның 40 метрлік көйлек жапқышын (шлейф) ханшайымның үш құрбысы ұстап жүрді.

Ханшайым мен ханзаданың «иа» деп берген уаделерін залдағы адамдар ғана емес, сабор сыртын қоршап тұрған мыңдаған адам мен тікелей эфир арқылы миллиондаған адам куәгер болған еді…

svadva_veka_21

1 пікір

Пікір қосу