Ғабит Әбілдаевтың үйлену тойы

0
3503
Ғабит Әбілдаевтың үйлену тойы

22- тамыз күні ақ құсын қолына қондырған «Меломен» тобының әншісі Ғабит Әбілдаев кеше, 25- тамыз күні Шымкент қаласында ұлан-асыр үйлену тойын жасады.

11363709_504164946407218_1332318360_n

Тойға барлық қазақ эстрадасының жұлдыздары келді. Ғабиттың туған нағашы ағалары Сәкен мен Роман Майғазиевтер бастаған тойға келген қонақтардың ішінде Мейрамбек Беспаев, Кенжебек Жанабилов, Райым Уайыс, Мөлдір Әуелбекова, «Меломен» тобының барлық мүшелері жарларымен, «Заман» тобының әншілері, Құрмаш Мақан келді.

11821207_721442787960238_2023232839_n11246629_374420719423597_701051109_n

Тойды танымал асаба Нұрлыбек Ерғалиев басқарды, оның сөзіне сенсек, ол барлық «Меломен» тобының жігіттерінің тойын басқарыпты.

Ғабит пен Нұриллаға неке.кз сайты бақыт тілейді, көтерген шаңырақтары биік болсын!

Суреттер әншілердің инстаграм желісінен алынды.

Пікір жоқ

Пікір қосу