Фата жараспаса не істеймін?

1
1674
фата орнына не тағуға болады

Егер сізді осы сұрақ мазалайтын болса, онда мына жазба тап өзіңізге арналған деп есептей беріңіз.

Фата—  той көйлегінің ажырамас бөлігі секілді көрінгенімен фатасыз да әдемі қалыңдық бола аласыз. Көп дизайнерлер той көйлектері топтамаларының ішінде міндетті түрде фатасыз той көйлегінің үлгісі болады.
Қазақ үйлену тойлары үшін фата беташар рәсімі кезінде керек болғанымен, беташар кезінде орамал қолдануға болатынын ескеру керек. Қазақ келіндері көбіне беташар кезінде фата емес орамал қолданады.
Неке қию кезінде де мешіт ішінде орамал тартып алсаңыз болады. Бір жағы қазақ салты, екінші жағы діни тиымдарға да сай келеді.
Фата жараспайды немесе бұл аксессуарға іштей қарсылық білдіріп, бас тартсаңыз, онда қалыңдық образы аяқталған болуы үшін фата орнына  гүл, диадема, ободок, торы бар шағын ғана шляпа, вуаль немесе моншақтармен шашты әшекейлеуге кеңес береміз. Қазіргі кезде тірі гүлдерден басқа киетін гүл десте (венок) жасау да өте сәнде. Әдемі нәзік гүлдерден өзіңізге жарасатындай етіп сәндетіп киюге де болады.
Бастысы, сіздің әдемілігіңізді айқындап, көйлегіңізге сай келетін болса болды.

1 пікір

Пікір қосу