Ева Мендес үйлену той көйлектерінің топтамасын ұсынбақ

0
859
Ева Мендес

Жақында ғана ана атанған голливуд жұлдызы, танымал актриса Ева Мендес той көйлектерінің дизайнері болмақ. 2014 жылдың ақпан айында  «Eva by Eva Mendes» деп аталатын өзінің брендін құрған актриса енді той көйлектерін шығарумен айналысатынын мәлімдеді.

Ева Мендес

«Өміріңіздегі ең маңызды күні ерекше киім қажет. Осы топтамадағы көйлектер үйлену тойына және өзге де мерекелік шараларға дәл келеді. Өзіңізді ерекше сезініңіз!»,- деп жазылған ресми баспасөз-релизінде.

Жақын арада жарыққа шығатын той көйлектерінің топтамасында қалыңдыққа арналған 8 көйлек болады. Олардың бағалары 79 (49 евро) -дан басталып  119 долларға (79 евро) дейінгі аралықты құрамақ. Той көйлектері АҚШ-та 2015 жылдың 15 қаңтарынан бастап сатылымға шығады.

Пікір жоқ

Пікір қосу