Етті бәліш

0
3691
етті бәліш

Ер адамдар мен балаларға міндетті түрде ұнайтын ет салмасы бар бәліштің мәзірін ұсынбақпыз.

Керек заттар:
қамыр үшін:

сары май не маргарин-  1/2 бөлігі
қаймақ (сметана) — 1 стак
жұмыртқа — 1 шт
қопсатқыш (разрихитель) — 1/4 ч.л
тұз — 1/4 ч.л.
ұн — 2,5 стак

ішіндегі салмасы:
қойдың еті— 450 гр
пияз (сарымсақ) — 2 шт
картошка — 2 шт
тұз — 1 ч.л.
қара перец — 1/2 ч.л.
жұмыртқа — 1 шт

Дайындау әдісі:

1. Орталау табаққа майды ерітіп үстіне сметана, бір жұмыртқа, қопсытқыш, тұз қосамыз.
2. Екі стакан ұн қосып көріңіз қамырыңыздың басы бірігіп жаятындай болмаса тағы аздап қосасыз. Қамыр өте жұмсақ болады.
3. Қамырды екі бөлікке бөлесіз, бір бөлігін екіншісінен үлкен қылыңыз да екеуін екі целофанға орап тындырып қойыңыз да печкаңызды қыздырып қойыңыз.
4. Пиязды жұқалап тураңыз
5. Ет пен картошканы кішірек кубик қылып тураңыз. Қоспаларын қосып  (тұз, перец) бәрін араластырыңыз.
6. Үлкен қамырды ыдысыңыздың көлемін сәл үлкен қылып жайып орналастырыңыз да ішіне дайындаған қоспаларыңызды салып үстіне екінші нанды жайын жабыңыз. Астыңғы наның артылған тұстарымен жан-жағын қымтап жабыңыз.
7. Жұмыртқаны кішкен суға араластырып бәліштің үстіне кистамен жағып шығыңз.
8. Бәліштің бір екі жерін тесіп қойыңыз да, қызарып піскенше пісіріңіз.

Ет салмасы бар бәлішіңіз бәрінің көңілінен шығатынына сенімдіміз. Астарыңыз дәмді болсын!

Пікір жоқ

Пікір қосу