Ерте үйленген әнші

0
1775

«Менде бір кезде…» деген айдарда өзіміздің жұлдыздардың қалыңдық пен күйеу жігіт болған кездегі және жұбайлық өмірдің әсерімен бөліскен сұхбаттарын ұсынамыз деп хабарлаған болатынбыз, бүгінгі  «Мен де бір кезде…» айдарының қонағы Парасат тобаның мүшесі Тұңғышбек Мусайфпен болған сұқбатты ұсынып отырмыз.

Тұнғышбек Мусайф мырза,  жақында қондырған құсыңыз құтты болсын! Көтерген шаңырақтарыңыз биік, керегесі кең болсын! Сайтымыз үйленетін жастар мен жас отбасыларына арналғандықтан, біздің сізге қояр сауалдарымызда отбасы, жақында өткен тойыңыз жайлы болмақ.

Аумин айтқаныңыз келсін көп рахмет!

«Мен де кезде күйеу жігіт болғанмын» деп бастап сол кездегіңді бір еске түсіріп өтсеңіз

Мен ерте үйленгендіктен күйеу жігіт болып көрмеппін! (жымиып күлді)

Жан жарыңызбен қалай танысып, ұсынысты қалай жасағаның сіздің тыңдармандарыңызды қатты қызықтырары сөзсіз, бізде білгіміз келеді

Мен жан жарыммен Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде таныстым. Біз бір курста оқыдық, араға 2 жыл салып 3-ші курсқа келген кезде мен әйеліме сөз салдым. Ол келісімін берді, колледжді бітіргеннен кейін үйленейік деп шештік.

Үйлену тойында жалықтырған салт дастур немесе ұнаған салт дастур, сізді жалықтыру себебі я болмаса ерекшеленді.

Жалықтырған салт — дәстүр болмады, барлық салт — дәстүр көңілімнен шықты!parasat

Тойдың есте қалған қызықты сәтін тыңдармандарыңызбен бөлісе отырсаңыз

Әйеліме асаба сұрақ қойды: «Тұңғыщбекке қанша нәрестені дүниеге әкелесіз деп?» сонда әйелім ойланбстан «5- еу» деп жауап қатты. Сосын ол сұрақты маған да қойды (күледі) мен «10 деп» жауап бердім. Сөзден сөз шығып, екі әжем қосылды, екеуі де 15 нәрестеден дүниеге келтірген. Сосын бізге «екеуміз 15-тен тапсақ, сендер 30 нәрестені дүниеге келтіріңдер» деп ақ баталарын берді. 

Көп жағдайда әншілер той киімін арнайы тіктіріп жатады, сіздің той киіміңіз қайдан алынды?

Мен той киімімді қарапайым дүкеннен алғам. 

Сұрақтарымызға жауап бергеніңізге рахмет айтамын, отбасыңызға амандық, шығармашылық табыстар тілейміз!

Пікір жоқ

Пікір қосу