Еркін Нұржанов әке атанды

2
3143
Еркін Нұржанов әке атанды

Осы жылдың қыркүйек айында екінші рет отбасын құрған танымал әнші Еркін Нұржанов әке атанды. Танымал әнші ұлды болды.

Еркін Нұржанов

Еркін Нұржанов ұлды болды

Бұл жаңалықты Еркіннің достары Бейбіт Ыстыбаев пен Бағлан Әбдірайымов инстаграм әлеуметтік желісі арқылы хабарлап, халықтан сүйінші сұрады.

Естеріңізге сала кетсек, Еркін Нұржанов қыркүйек айында Динара есімді арумен отбасын құрған болатын. Міне, енді бүгін әншінің отбасында шекесі торсықтай ұл өмірге келіп жатыр. Әзірге сәбидің есімі мен салмағы жайлы ешқандай ақпарат жоқ.

Неке.кз сайты, жаңадан өмірге келген сәбиге ұзақ ғұмыр тілейді! 

2 Пікір

Пікір қосу