Ең ерекше қалыңдық

0
3052

«Біз бәріміз идаеал емеспіз» — бұл сөзді Британиялық Харнаам Каур атты қыз күніне сан мың рет қайталайды. Оның берген сұхбаттары мен той алды түскен суреттерінен оның ерекше қыз екенін байқауға болады.

Harnaam-Kaur-bridal-shoot-lady-beard-33-640x959

Харнаам 11 жасынан бастап эндокриндік жүйенің бұзылуымен (склерокистоз) ауырады, сондықтан оның барлық бетін сақал басып кеткен. Ал, қалғанының бәрінде ол кәдімгі қарапайым қыз. Ол көп уақыт бетін күнделікті воск арқылы қырып жүрген, бірақ 16 жасынан бастап бұлай өмір сүруге болмайтынын түсінеді. Солай ол өзінің әлемге сақалды қыз екенін жариялайды. Көп өтпей ол өзінің өмірлік серігін кездестіріп, оған тұрмысқа шығуға шешім қабылдайды. Осы жылдың шілде айында той алды түскен суреттері оны әлемдегі ең ерекше қалыңдыққа айналдырды. Себебі, ешқандай ару сақалын гүлмен сәндей алмайды. Оның бұл бақытты суреттері әлемде махаббаттың барлығын және адамның бақыты сыртқы сұлулықта емес екенін дәлелдейді.

gallery-1435772319-beardedbride6
gallery-1435772363-beardedbride8
gallery-1435772726-beardedbride9
Harnaam-Kaur-bridal-shoot-lady-beard-8-640x959
Harnaam-Kaur-bridal-shoot-lady-beard-29-640x959
Harnaam-Kaur-bridal-shoot-lady-beard-30-640x959
Harnaam-Kaur-bridal-shoot-lady-beard-31-640x959
landscape-1435772154-beardedbride3

Пікір жоқ

Пікір қосу